Ғалымдар түртіп көрудің (жанасудың) сезу шегін анықтады
Ғалымдар түртіп көрудің (жанасудың) сезу шегін анықтады
4 жыл бұрын 2175 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Саусақ терісіндегі сенсорлық нейрондардың рецептивтік алаңы көлемі 0,4 миллимиетрге дейін обьектіні сезуге мүмкіндік беретін папиллярлы сызықтармен тығыз байланысты. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған The Journal of Neuroscience мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Тері – жанасу арқылы сезудің басты ағзасы. Оның беткі жағы сенсорлық нейрондардың рецептивтік алаңынан тұрады - жанасуды, дірілді, қысымды, температураны, т.б. сезінуге мүмкіндік беретін жекелеген жүйке жасушаларын қоздыратын стимуляция тудырады. Әсіресе, сенсорлық нейрондардың рецептивтік алаңы қандай да бір заттың немесе бұйымның, обьектінің беткі жағының текстурасын қабылдауды күшейтетін қосымша папиллярлы сызықтар желісімен қапталған саусақ пен алақанда молынан шоғырланған. Бір алақанда он мыңдаған сенсорлық нейрон болады, оның рецептивтік алаңының шағын аумағының өзі өз кезегінде түртіп көру арқылы сезудің жоғары мүмкіндігімен қамтамасыз етеді. Бұған қоса, бұл нейрондардың дисталды (алыс) аксондары тармақталып, жекелеген рецептивтік алаңды қалыптастырады – қажетті жүйке жасушаларын белсендіре алады. Міне, осы алаңдар терінің мейлінше сезімталдығын қамтамасыз етеді. Швецияның солтүстік бөлігінде орналасқан Умео қаласындағы университеттіңРоланд Йоханссон (Roland Johansson) есімді ғалымы мен әріптестері түртіп көрудің (жанасу арқылы сезудің) сезу шегін анықтай алған екен. Швед ғалымдарының бұл тарапта арнайы жүргізген тәжірибеге өз еркімен қатысқан 20-30 жас аралығындағы денсаулығы мықты 12 адамның алақаны шын мәнінде тәжірибе алаңына айналды. Олар саусақтармен беткі жағы диаметрі 0,4 миллимтерден де кіші, ал биіктігі 0,45 миллиметрді құрайтын, бір-бірінен арақашықтығы жеті миллимтер конусты пластик доңғалағын тигізіп көреді. Доңғалақ түрлі бағытта, түрлі жылдамдықпен айналып тұрды, ал теріге бекітілген жіңішке электродтар жекелеген нейрондардың қалай ұмыс істейтінін тіркеп отырды. Ғалымдардың тұжырымдауынша, рецепторлық поля папиллярлы өрнекпен тығыз байланысты, яғни, түртіп көрудің сезімталдығы саусақ іздерінің жекелеген сызықтары деңгейінде көрініс берген.

Отдельные рецептивные поля на подушечке пальца: заметна их связь с папиллярными линиями / ©Jarocka et al., 2021

0 пікір
Мұрағат