Ғалымдар тісті өздігінен емдейтін пломба ойлап тапты
|
Тісті емдеу кезінде орнатқан пломбаның бәрі ұзаққа шыдай бермейді. Дұрыс салынбаған пломбаның соңы тіс жұлумен және протезбен аяқталады.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Гарвард пен Ноттингем университетінің зерттеушілері тістерді өзі емдеуге қабілетті пломба ойлап тапты. Тәжірибеге діңгек жасушаларын пайдаланғаны туралы мақала Inquisitr басылымында жариялаған. Биохимик Адам Селиз бүгінгі таңда қолданылып жүрген пломбалардың сапасыздығына көңіл бөлді.
«Біз әзірлеген синтетикалық биоматериал зақымданған аймақтың тінін қалпына келтіруге қабілетті. Жаңа пломба күрделі тістерді өздігінен емдеу қасиетіне ие» – дейді Адам Селиз.Оның артықшылығы, емделуші пломбаны тек бір мәрте орнатады және басқа тістердің зақымдануын алдын алады. Қазіргі қолданып жүрген пломбалар секілді үнемі жаңартуды талап етпейді.
Дегенмен, барлық тіс дәрігерлері жаңа пломбаның хирургиялық емдеудің орнын басатынына сенімді емес. Адамның жобасы 2016 жылы тіс дәрігерлерінің арасында жүргізілген зерттеулердің ең үздігі деп танылды. Бірақ оны жүзеге асыру үшін әлі де сынақтар жасауына тура келеді.