Ғалымдар жүрек ауруларын толықтай емдейтін вакцина ойлап тапты
Ғалымдар жүрек ауруларын толықтай емдейтін вакцина ойлап тапты
7 жыл бұрын 4468

Вирусты ағзаңызға бір рет қана енгізу арқылы жүрек талмасын толықтай алдын алуыңызға болады.

Бұл туралы stan.kz порталы technologyreview.com басылымына сілтеме жасай отырып, хабар таратты. 

Америкалық ғалымдар жүрек-қан тамырлары аурулары мен жүрек талмасын толықтай алдын алуға көмектесетін гендік терапия түрін ойлап тапты. Ол үшін Маунт-Синай ауруханасының мамандары гендік-модификациялық вирустарды пайдаланған екен. Аталған вирус ағзаға енгеннен кейін жүрек талмасы болу қаупін 30%-ға дейін төмендеткен.

Аталған гендік терапия ағзадағы ақуыз фосфатазын төмендетуге бағытталған. Фосфотаз әдетте жүрекке қан айдау процессін қиындатады. Ғалымдардың айтуынша, жүрек ауруларын толықтай емдеу үшін жамбас артериясы арқылы қанға жіберу жеткілікті. Мамандардың қуанышына орай, жаңа емдеу тәсілінің денсаулыққа кері әсері жоқ. Оның көмегімен көптеген науқастарды емдеп жазуға болады.

0 пікір
Мұрағат