Ғалымдар деректерді ДНҚ-да сақтаудың инновациялық әдісін ұсынды
Ғалымдар деректерді ДНҚ-да сақтаудың инновациялық әдісін ұсынды
2 ай бұрын 634 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Қытай ғалымдары ДНҚ-да деректерді сақтаудың инновациялық әдісін ұсынды, ол жазу процесін тездетіп, құнын төмендетуге мүмкіндік береді. Бұл жайында islam.kz порталы nature.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Олардың тәсілі ДНҚ-ның қолданыстағы жіптерін метилдеуді (Метилдеу - организмдегі әрбір жасушада миллиардтаған рет болатын шешуші биохимиялық процесс) ұйғарады. Аталмыш тәсіл өз кезегінде ауқымды әрі тұрақты деректер сақтау қоймасын құру бағытында маңызды жаңалықтар ашуға мүмкіндік бермек. Бейжің университеті мен тағы үш ғылыми мекеменің ғалымдары ДНҚ-ны метилдеу арқылы ДНҚ-ның тізбегіндегі «эпи-биттерді» (ақпаратты сақтау сыйымдылығы) таңдап-талғап өзгертуге мүмкіндік беретінін алға тартып отыр. Бұл процесс деректі ДНҚ-да жазуды тездетеді. ДНҚ-да 1 грамға шаққанда 215 петабайтқа дейін дерек жазуға болады. Алайда, бұрыннан белгілі жазу мен оқу процестері тым баяу әрі қымбатқа түсетіндіктен ақпаратты ДНҚда сақтауды машақаты көп тірлікке айналдырады. Әдетте ақпаратты сақтау үшін жаңа тізбектер жасалады, ал қытай зерттеушілері шығынды азайтып, уақытты үнемдеуге мүмкіндік беретін бар жіптерді пайдалануды ұйғарып отыр. «Эпи-бит» әдісі ДНҚ метилденудің табиғи процесін мимикалайды (салады), осылайша ДНҚ жіпшелерінің өмір бойы дамуына мүмкіндік береді. Зерттеушілер ДНҚ-ның нуклеин қышқылдарынан 700 «қозғалмалы түрін» жасаған. Процесті қолмен немесе автоматты түрде орындауға болады. Бұл бағыттағы тәжірибе барысында олар бір реакцияға 350 бит жылдамдықпен 18 833 және 252,504 бит кескіндерін автоматты түрде кодтады. Деректерді сақтау үшін штрих-код жүйесі қолданылады. Бұл жүйе ақпарат үзінділерінің орнын дәл анықтауға және оларды қажетті жылдамдықпен және дәлдікпен шығарып алуға мүмкіндік береді. Қолмен жазу процесі өте қарапайым – арнайы тәжірибесі жоқ 60 адам iDNAdrive қызметін пайдаланып, 5000 бит мәтінді кодтай алған екен. Бұл тәсіл ДНҚ қойманың күшті жақтарын – жоғары тығыздық пен беріктікті пайдалануға мүмкіндік береді, сондай-ақ, бағдарламалау мен ауқымдау мүмкіндігін береді. Әзірге технология кеңінен қолдануға дайын емес – ол бар болғаны секундына 40 бит жылдамдықпен жазылады, бұл көрсеткіш қатты дискіге қарағанда шамамен 30 млн есе баяу. Алайда, процесс құны жаңа тізбектерді құрумен салыстырғанда 90%-ға төмендеді.

Ұқсас материалдар:

Бірнеше миллиард гигабайт ақпаратты жазу үшін бір грамм ДНҚ жеткілікті

Ақпаратты ДНҚ-да сақтау тәсілі пайда болды

Ақпаратты ДНК-де тиімді сақтаудың әдісі табылды

Генетикалық ақпаратты сақтайтын, ұрпақтан ұрпаққа табыстайтын жалғыз қайнар – ДНК емес...

Сөздің өлген жасушаны тірілте алатыны белгілі болды. Солитон

0 пікір
Мұрағат