Ғалымдар 30 жыл бойы іздеген ген табылды
Ғалымдар 30 жыл бойы іздеген ген табылды
5 жыл бұрын 8658 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Африка құрлығының оңтүстігінде тіршілік ететін бал арасын зерттеп жүрген ғалымдар ғылым әлемінде төңкеріс жасайтын жаңалық ашуға қол жеткізе алды. Нақтырақ әрі тарқатып айтсақ, олар жәндіктерге шағылыспай-ақ ұрпақ өрбітуіне мүмкіндік беретін бірден-бір жалғыз генді тапты. Оңтүстік Африканың Капс провинциясында тіршілік ететін Apis mellifera capensis бал арасы өзге бал араларынан өзгешеленеді. Біріншіден, жұмысшы аралардың аналық безі ірі болып келеді, бұл ерекшелік өз кезегінде колонияды репродуктивті басымдыққа ие болуға мүмкіндік беретін, аналық жатырға тән феромонды өндіруге септігін тигізеді. Бұл жайт әлеуметтік паратизмді тудырады: Apis mellifera capensis бал арасы бөгде колонияға баса-көктеп кіріп, көбейеді. Осылайша бөгде колониядағы жәндіктерді өзінің кіші түрі үшін личинка «жұмыртқалауға» мәжбүрлейді. Олар мұны тек ұрғашысы үшін жұмыртқа табуға мүмкіндік беретін бір ғана геннің көмегімен жүзеге асырады. Жыныстық қатынассыз жаңа ұрғашыны өмірге әкелу қабілеті ғылымда «thelytokous parthenogenesis» деген атпен белгілі, яғни, пәк күйінде құрсақ көтеруді білдіретін партеногенездің бір түрі. Мұндай жолмен өсіп-өну бір ғасырдан астам уақыттан бері белгілі болса да тек заманауи гендік құралдар ғалымдарға оның себебін қадағалауға, зерделеуге мүмкіндік беріп отыр. Нәтижесінде мамандар араларға сыңарымен шағылыспай-ақ ұрпақ өрбітуіне мүмкіндік беретін GB45239 генін тапты. Ғалымдар ендігі жерде аталмыш геннің қалай жұмыс істейтінін зерттеп көрмек. Бұл өз кезегінде оны түрлі мақсатта қолдануға мүмкіндік беруі мүмкін. Дәлірегі, негізінен зиянкес популяция түрлерінің көптеп өсіп-өнуінің алдын алу үшін аталмыш геннің ерекшелігі мен қабілетін неге қолданып көрмеске?! Мәселен, өзге ген арқылы болса да жасуша партеногенезіна қатысатын қызыл құмырсқаның көбеюіне жол бермеуге болады. Ғалымдардың айтуынша, шағылысудың, яғни, жыныстық қатынастың эволюциялық мәні мен мағынасы жоқ.

0 пікір
Мұрағат