Эко-материал 600 °C-қа дейінгі температурада жылудан электр энергиясын өндіреді
Эко-материал 600 °C-қа дейінгі температурада жылудан электр энергиясын өндіреді
2 жыл бұрын 1589 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Хоккайдо университетінің ғалымдары бария-кобальт оксидінің термоэлектрлік түрлендіргішін синтездеді. Ол 600 °C дейінгі температурада тұрақты жұмыс істейді. Бұл жайында islam.kz порталы pubs.acs.org ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Термоэлектрлік түрлену Зеебек эффектісіне (Зеебек эффектісі – түйіспелерінде әр түрлі температурасы бар әр текті өткізгіштерден тізбектеп құрастырылған электр тізбегінде электр қозғаушы күшінің пайда болуы. Оны 1821 жылы неміс физигі Т.И. Зеебек (1770 – 1831) ашқан. Терможұптың көмегімен температураны реттеу осы Зеебек эффектне негізделген; қара Жылу энергетикасы [1] .- Уикипедия электронды энциклопедиядан) байланысты жүреді: егер өткізгіш материалда температура айырмашылығы болса, онда электр тогы пайда болады. Дегенмен термоэлектрлік түрлендірудің тиімділігі ZT термоэлектрлік пайдалы әрекет көрсеткішіне байланысты. Ғалымдар жоғары ZT бар көптеген материалдарды тапты, алайда, олардың жоғары температурадағы тұрақтылығы күмән тудырған еді. Ғалымдар бұл тарапта қабатталған кобальт оксиді қабықшаларымен жұмыс істеді. Соңғы зерттеуде осы пленкалардың термиялық және химиялық тұрақтылығын зерделеп, сонымен қатар, олардың ZT мәндерін жоғары температурада өлшеп көрмек болды. Олар құрамында натриі, кальциі, стронциі және бариі бар кобальт оксиді пленкаларын сынап көрді. Атап айтқанда, олардың құрылымын, меншікті кедергісін және жылу өткізгіштігін талдады. Ғалымдар осылайша барий кобальт оксиді қабатталған қабықшаның құрылымдық тұтастығы мен электрлік кедергісі бойынша 600 °C-қа дейінгі температурада тұрақтылығын сақтайтынын анықтады. Бұдан бөлек, пленканың қоршаған ортаға зияны жоқ.

0 пікір
Мұрағат