Донор трансплантациясында бөгде ағзаны жатырқаудың алдын алатын антидене жасалды
Донор трансплантациясында бөгде ағзаны жатырқаудың алдын алатын антидене жасалды
6 ай бұрын 846 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Duke Health университетінің медицина орталығының ғалымдары жүргізген тәжірибе барысында жасанды антидене бүйрек трансплантациясы бойынша ота жасалған маймыл организіміне бөгде ағзаны жатырқауына жол бермеді. Бұл жайында islam.kz порталы science.org ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл арада AT-1501 жасанды антидене турасында сөз болып отыр. AT-1501 - амиотрофиялық бүйірлік склерозды тәжірибе тұрғысынан емдеуге және қанның ұю қаупін азайтуға арналған моноклоналды антидене.  Бұл тарапты арнайы тәжірибе жүргізілген екен: резус маймылдарындағы бүйрек трансплантациясында және циномолгус маймылдарындағы ұйқы безі аралдарын трансплантациялауда AT-1501 жасанды антиденесінің қауіпсіздігі мен тиімділігі тексерілді. Организмдегі инсулинді өндіруге жауапты тін ретінде арал жасушаларының трансплантациясы жақында 1 типті қант диабетін емдеу үшін FDA тарапынан мақұлданған болатын. Қолданыстағы ем-дом шаралары немесе әдіс-тәсілдері әдетте организмнің бөгде ағзаны жатырқамауының алдын алуда тиімділік танытқанымен көптеген кері әсері болады. Ал жасанды антидене осы олқылықтың орнын толтырады.

(Резус-фактор (rhesus) — адамдар мен макака-резус маймылының (аталуы осыған байланысты) эритроциттерінің құрамында болатын антиген (Уикипедия электронды энциклопедия); Резус-фактор — қандағы ерекше нәруыздық зат немесе Халықаралық трансфузиология қоғамы (ISBT) мойындаған 43 қан тобы жүйесінің бірі (түрлі  дерек көздерінен)

0 пікір
Мұрағат