Діңгекті жасушалардың организмдегі қозғалысын реттейтін әрі қажетті жерінде ағзаның қалыптасуын қамтамасыз ететін жасанды ген жасалды
Діңгекті жасушалардың организмдегі қозғалысын реттейтін әрі қажетті жерінде ағзаның қалыптасуын қамтамасыз ететін жасанды ген жасалды
2 жыл бұрын 2348 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Америкалық ғалымдар діңгекті жасушалардың организмдегі қозғалысын реттеп, ағзалардың қалыптасуына ықпал ететін жасанды Нох (Хокс) генін жасады. Алғаш рет. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Science мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл гендер ДНҚ-да тығыз кластерде орналасқандықтан оларды зерттеу қиын әрі бұл тараптағы зерттеу Хокс генінің рөлін растайтын алғашқы қадам болды. Мейлінше мінсіз жаратылды деп  саналатын жануарлардың барлығына дерлік екі жақты (билатерлік) симметрия тән болып келеді, яғни, олардың денелері айна принципі бойынша симметриямен сипатталатын бір жазықтыққа ие. Алдыңғы-артқы ось олардың денесі арқылы басынан құйрығына дейін жүргізілуі мүмкін. Ұрықтың дамуы кезінде жасушалардың осы ось бойынша қозғалысы Хокс гендері арқылы реттеледі: олар барлық мүшелердің, ағзалардың, тін-ұлпалардың және аяқ-қолдардың дұрыс жерлерде дамуын қамтамасыз етеді.Нох гені мутация нәтижесінде істен шықса, ұрықтың дамуында ауытқы орын алып, шараналарда туабітті ақаулар пайда болады. Хокс гендері тығыз кластерлерде ұйымдастырылған және ДНҚ-ның басқа гендер мен геномның қайталанатын элементтері жоқ бөлігінде орналасады. Бұл Hox гендерін стандартты генді өңдеу әдістері арқылы зерттеуді қиындатады, өйткені, бір Хокс генінің өзгеруі көршісіне әсер етуі мүмкін. Бұл мәселені шешу үшін Нью-Йорк университетінің (АҚШ) ғалымдары жасанды Хокс гендерін жасап, жасушаның ағзадағы орнын білу үшін геномның ең кіші бірлігі қандай екенін анықтады. Бұған дейін мамандар толығымен синтетикалық ашытқы геномын жасап қойған болса, енді олар бұл технологияны сүтқоректілердің жасушаларына ауыстырды. Ғалымдар әртүрлі мутациялары бар тышқанның Хокс гендерінің тізбегі бар синтетикалық ДНҚ-ның ұзын жіптерін жасап, оларды жануарлардың діңгекті жасушаларына енгізді. Сүтқоректілерде Хокс кластерлері олардың белсенділігін бақылайтын геномның реттеуші аймақтарымен қоршалған. Осы уақытқа дейін жасушаның ағзадағы орнын анықтау үшін тек Хокс кластері жеткілікті ме, әлде бұл үшін геномның басқа элементтері қажет пе, белгісіз болып қалған еді. Жасушалар үшін тек Хокс гендерінің кластерлері жеткілікті екені белгілі болды. Синтетикалық ДНҚ мен жасанды гендердің жасалуы болашақта организмдердің дамуын зерттеуге жол ашады. Жануарлардың алуан түрлерінің дене пішіні мүлдем басқаша болады, бұл басқа факторлармен қатар Хокс гендерінің жұмысына байланысты. Синтетикалық ДНҚ мен жасанды геннің пайда болуы өз кезегінде организмнің дамуын тереңірек зерттеуге мүмкіндік береді. Сан алуан тіршілік иесі бар, олардың дене пішіні Нох-гендердің жұмысына байланысты қалыптасады. Нох-кластеріне қатысты зерттеу жұмыстары мұндай алуан тіршілік формаларының қалай пайда болғанын түсінуге көмектеседі. Бұған қоса, жаңа технология генетикалық, яғни, тұқым қуалайтын ауруларды зерттеуге де көмектеседі.

0 пікір
Мұрағат