Биоинженерлер бактерияны жолатпайтын кальмардікі тәрізді жасанды тері жасап шығарды
Биоинженерлер бактерияны жолатпайтын кальмардікі тәрізді жасанды тері жасап шығарды
2 жыл бұрын 1138 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Қытай ғалымдары кальмардың жаратылысына үңіле отырып, жаңа жасанды тері әзірледі. Ол қатты суыққа төтеп бере алады, сонымен қатар, бактериялар мен саңырауқұлақтарды өздігінен жояды. Бұл жайында islam.kz порталы newatlas.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш теңіз жануары қоршаған орта жағдайына бейімделу үшін, сондай-ақ, жыртқыштардың жемтігіне айналу қаупі төнгенде, т.б. жағдайларда тері түсін өзгерте алатын қасиетке ие, дәлірегі, арнайы құрылымға ие. Ғалымдар кальмар табиғатын зертей келе жылуды сақтайтын тері әзірлеудің әдісін тапты. Яғни, PIskin деп аталатын материал алу үшін кальмар денесіндегі элементтердің орналасу ретін қайталады. «Биологиялық тері қоршаған орта туралы ақпаратты биоэлектрлік сигналдарға айналдырады және сыртқы кернеуді, тактилді сезімдерді (жанасуды), дірілді, температураны және т.б. қабылдау үшін оны жүйке жүйесіне береді», - дейді ғалымдар. PIskin барлық дерлік бактериялар мен саңырауқұлақтарды жоя алады, ал төмен температурасы оның қатты суыққа төтеп бере алатынын және аз уақытта кеуіп кетпейтінін білдіреді.

0 пікір
Мұрағат