Барлық бактерияны жоя алатын адам жасушасына зиян жоқ антибиотик табылды. Нанобұрғы бактерияны жою үшін секундына 3 млн айналу жылдамдығымен айналады
Барлық бактерияны жоя алатын адам жасушасына зиян жоқ антибиотик табылды. Нанобұрғы бактерияны жою үшін секундына 3 млн айналу жылдамдығымен айналады
2 жыл бұрын 1598 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Антибиотик іздеуге арналған алгоритм әлеуеті жоғары болашақ дәрісін тапты. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған science.org ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, келешек антибиотигінің негізгі қосындысын табуға көмектескен. Ол бактериялардың дәріге төзімділігін қалыптастыруын қиындататын жаңа шабуыл тәсілін пайдаланатын болады. Адамдар бактерияларды жойғысы келетін жалғыз организм емес: табиғатта бактерияға қарсы қосындылар көп кездеседі, олардың көпшілігін бактериялардың өздері бір-бірімен күресу үшін пайдаланады. Осы заманғы антибиотиктердің көбісі осы табиғаттан алынған, оларды тиімділігін арттыру үшін синтездеген. Алайда, бактериялар уақыт өте келе бұл дәрілерге төзімділігін қалыптастыратындықтан жаңасын әзірлеуге тура келетін. Соған қарамастан бактериялр жылдан жылға антибиотикке бой бермей барады. Адамзатқа қауіпті бұл проблеманы еңсеру үшін ғалымдар жатпай-тұрмай ізденіп, антибиотикті жетілдірумен келеді. Осындай ізденістің нәтижесінде болашағынан көп үміт күттірген қосынды табылып отыр. Оған ғалымдар цилагицин деген атау берді. Зертханада арнайы жүргізілген бұл тараптағы тәжірибе оң нәтиже беріп отыр: цилагицин қолдағы антибиотиктерге бой бермейтін бактериялар мен олардың қоздырғыштарын (штамдарын) жойған, ең маңыздысы – ол адам жасушаларына зиян-залалын тигізбеген. Ең маңыздысы – дәрігерлер мен білікті мамандар дәріге бой бермейтіндей етіп қолдан құрастырған бактерияларды да жойған.

Нанобұрғы бактерияны жою үшін секундына 3 млн айналу жылдамдығымен айналады

Жарықтың әсерінен олар керемет жоғары жылдамдықпен айналады, осылайша бактерияларды тесіп өтеді. Бұл жайында islam.kz порталы жаңа технология сипатталған Science Advances мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Америкалық ғалымдар бұл тарапта алты бірдей титтей бұрғы жасады. Олардың әрбіреуі ббірр молекуланы білдіреді. Америкалық ғалымдар нанодеңгейдегі бұл құрылғының өз кезегінде аннтибиотикке төзімді бактериялармен күрес тәсілін түбегейлі өзгертуі мүмкін екенін алға тартып отыр. Дәлірегі, бұл наномашина бактерия жасушасының беткі жағына бекітілетін болады. Жарықтың әсерінен олар бактерияны тесіп өтетін аса жоғары жылдамдықпен айналады. «Біз осы наномашиналар арқылы қатерлі ісік клеткаларын бұрғылау арқылы жоя алатынымызды көрсеттік. Енді олар бактерияларды өлтіре алады. Олардың грам теріс немесе грам оң болуы маңызды емес. Оның қандай бактерия екені маңызды емес. Барлығын жояды», - деді аталмыш зерттеуге атсалысқан Джеймс Тур. Молекулярлық қозғалтқыштың бұл түрі 2016 жылы ультракүлгін сәуледен шыр айналатын молекулаларды жасағаны үшін Нобель сыйлығын алған Бен Феринге тиесілі. Жаңа зерттеудің авторлары бұл құрылымдарды көрінетін жарықпен жұмыс істеу үшін өзгертті. Дәлірегі, ғалымдар оларды бактериялық жасушалардың беткі жағына жабысатындай етіп жетілдірді. Нәтижесінде бұл бұрғылар жарық түсірілгенде секундына шамамен 3 миллион айналым жылдамдығымен айналады және ақырында бактериялық мембранада тесік жасайды. Дегенмен, күн сәулесі бұл наномашиналарды іске қоса алмайды. Бұрғыны белсендендіру үшін жарықтың белгілі бір толқын ұзындығы мен оның қарқындылығы қажет. Яғни, арнайы бабын келістіруді қажет ететін талғаулы жүйе.

0 пікір
Мұрағат