Арктикалық жыртқыштың термиялық қасиетін қайталайтын материал жасалды
Арктикалық жыртқыштың термиялық қасиетін қайталайтын материал жасалды
1 жыл бұрын 994 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Кескін: UMass Amherst

Зерттеушілер арктикалық жыртқыштардың терісіне  ұқсайтын, жылуды сақтап, суықтан қорғайтын материал жасады. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған ACS Applied Materials and Interfaces мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, Массачусет университетінің инженерлері суықтан қорғайтын қасиеті жоғары мата ойлап тапты. Бұл материалдан жасалған күрте мақтадан 30% жеңіл, соған қарамастан жақсы күн сәулесінде, температура 10 ° C-тан төмен суықта жылуды жақсы сақтайды. Арктикалық температураны, саршұнақ аяз бен қақаған суықты ескермейтін, яғни, жердегі климаты ең қатал ортада тіршілік ететін полярлық аюлар құпиясының бір ұшы оның жүнінде жатыр. Ақ жүнге қарағанда қара жүннің күн сәулесін молынан сіңіріп, жылуды жақсы сақтайтыны белгілі. Десе де соңғы зерттеулер ақ аюдың жүні де аюдың терісіне күн радиациясын беруде өте тиімді екенін көрсетті. Ақ аюдың жүні жарықты сіңіріп, аюды жылытатын, яғни, күн сәулесін теріге өткізетін табиғи талшықты-оптикалық кабел секілді. Бұдан бөлек, аю жүні жарықтың сәулелену әсерінен сақтайды, жылуын алып, зиянды әсерінен қорғайды. Теріге жамылған көрпе секілді. Инженерлер осы қасиеттерді қайталайтын екі қабатты матаны ойлап тапты. Жоғарғы қабат нейлоннан жасалған және күңгірт PEDOT материалымен жабылған, төменгі қабатқа көрінетін, жарықты өткізетін жіптерден тұрады. Ол жарықты жылуға тиімді түрлендіреді және оны бет жағына жақын ұстайды, яғни, жылуды бет жағына жақын жерде сақтайды. Тоқыма өнімдеріне тән қасиеттерді сақтай отырып, бұл қабаттар дене жылуының сейліуіне жол бермейді және көрінетін жарықты барынша сіңіреді. 130 Вт/м² қалыпты жарықта бұл мата кәдімгі мақта құрылымымен салыстырғанда +10 °C артық қыздыра алады. Ғалымдар қазірші уақытта бұл өзгеше материалды нарыққа шығарудың жолдарын қарастырып жатыр.

0 пікір
Мұрағат