Араб ғалымдары күтпеген жаңалық ашты
|
Ағза қондыру (донор трансплантациясы) отасы медициналық процедураның бір бөлігіне айналды. Алайда, араб ғалымдарының пайымдауынша, бөгде біреудің ағзасына, әсіресе, жүрекке ие болған адам сол адамның әдеттері мен мінез-құлқын, тіпті, жадына дейін өзіне алады екен. Бұл жайында islam.kz порталы Islam-Today ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бахрейндік және саудиялық ғалымдар "донор ағзаға" ие болған науқастарды бақылай осындай тұжырымға келіп отыр.
Пациенттердің ағза трансплантациясы отасынан кейін талғамының өзгергенін, естелігінің, тіпті, көңіл күйінің өзгергенін алға тартып отыр. Мәселен, он жастағы ұл бала хауыздағы суға батып өлген үш жастағы қыздың жүрегіне ие болған екен. Осыдан кейін судан аза бойы қаза болып қорқатынды шығарған. Ол суға батып өлген қыздың жүрегіне ие болғанын білмейді де.
Бұдан бөлек, тура жүзіне қарата атылған оқтан қаза тапқан полиция қызметкерінің жүрегіне ие болған пациенттің көзінің алды жап-жарық болып кететінін, жүзі тура мағынасында жанатынын, яғни, бет-жүзінің ыситынын жеткізген.
Осыған ұқсас тағы бір дерекке жүгінсек, Американың Мичиган штаты АҚШ бойынша соғып тұрған жүректі трансплантациялаған алғашқы штат ретінде белгілі. «Ол биші және хореограф болды, денсаулығын күтті. Алайда, ол емханадан шыққаннан кейін ол әдетінде жоқ асқа аңсары ауып, қуырылған тауық жегісі келген. Бұрын тауық еті оның рационына кірмеген еді», - деп атап өтті дәрігерлер. Полиция есебінде олар өлтірілген жас донордың күртешесінен жартылай жеген нуггеттердің (тартылған тауық етінен жасалған котлет) табылғаны туралы жазба тапты. Жаңа зерттеулер жүрек пен мидың бір-бірімен тығыз байланыста екенін дәлелдеді: осы екі ағзадағы нейрондар мен жасушалар ұқсас келеді.