Ара уынан дәріге төзімді бактерияларды жоятын антибиотик жасаудың тәсілі табылды
Ара уынан дәріге төзімді бактерияларды жоятын антибиотик жасаудың тәсілі табылды
4 жыл бұрын 4190 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Мамандар азиялық ара уынан ақуызды ажыратып, адамға қауіпсіз ете алды. Бұл өз кезегінде бүгінде қолданылып жүрген дәрі-дәрмекке төзімділігі артып келе жатқан бактерияларды жоюға мүмкіндік беретін антибиотик жасауға көмектеседі. Бұл жайында islam.kz ақпарат көзі Proceedings of the National Academy of Sciences  мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Азиялық ара уының құрамында осы күнгі дәрі-дәрмекке бой бермейтін бактерияларды жоя алатын ақуыз кездеседі. Алайда, ара уының құрамында, сонымен қатар, аллергиядан бастап, анафилактикалық шошыну (шок) тудыратын, тіпті, адамды тыныс ала алмай қалатын жағдайға дейін жеткізетін, қандағы эритроциттерді жоя алатын улы зат барын ұмытпау керек. Сөйтсе де ғалымдар ара уын қауіпсіз етудің жолын таба білді.

Ара уының құрамында кездесетін пептид мастопаран-L (mast-L) бактерияны оның мембранасын зақымдай отырып жояды. Пенсильвания университетінің Перелман медициналық мектебінің ғалымдары ғылымға белгілі, микробқа қарсы пептидті зерделей келе бактерияға қарсы белсенді пентапептидті мотивті тауып, оны адамға қауіпті фрагмент болып табылатын mast-L-ге ауыстырып, mast-МО жаңа пептидті алуға қол жеткізді. Осынау пептидтің бірнеше нұсқасын тәжірибедегі тышқандардың бойында сынақтан өткізіп көрді. Нәтижесінде mast-МО ішек таяқшасы әрі стафилококк бактерияларына жоюда тиімділігін көрсетті әрі тышқандардың бойынан оның кері немесе теріс әсері байқалмады. Жаңа пептид бірнеше себеп бойынша, яғни, жан-жақты пайдалы болып шықты, атап айтқанда, бактериялармен өздігінен күреседі, жасуша ішіне өзге антибиотиктердің енуін тездетеді және жеңілдетеді, сондай-ақ, организмге инфекция түскен кезде қиындық тудыратын инммундық шектен тыс реакцияның дамуы мен қарқынын төмендетеді.

Ұқсас материалдар:

«Араның уы ең қатерлі ісіктің бетін қайтаратын болып шықты» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/gylym/aranyn-uy-en-qaterli-isiktin-betin-qaitaratyn-bolyp-shyqty-14083/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат