Ақпарат жазу және сақтау технологияларына қатысты екі жаңалық
Ақпарат жазу және сақтау технологияларына қатысты екі жаңалық
3 жыл бұрын 1844 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті
Ақпарат түрлі түсті нүктелерде сақталуы мүмкін. Ондағы ақпаратты тек микроскоппен оқи аласыз (видео)

Химиктер титтей дақ түрінде флуоресценттік жүйе жасады: онда ақпарат екілік кодта жазылады. Оны тек флуоресцентті микроскоптың көмегімен ғана оқи аласыз. Бұл жайында islam.kz порталы pubs.acs.org ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осылайша ғалымдар ақпаратты сақтаудың және оқудың жаңа тәсілін жасай алды. Ғалымдар бұл тарапта жеті коммерциялық флуоресцентті бояуларды пайдаланған екен, ол түрлі жиапозонда жарықты аулай алады. Нақты бір түске ие әрбір дақ ASCII кодтауда ақпарат биті рөлінде алға шығады. Ал белгілі бір жерде бояғыштың болуы немесе болмауы «1» немесе «0» туралы ақпаратты береді. Ғалымдар эпоксидті шайыр жалатылған жабуға нүкте қойған. Ақпараттың қаншалықты дәл оқылатынын тексеру үшін ғалымдар Майкл Фарадейдің «Электрге қатысты эксперименталды зерттеу» еңбегінен бірнеше парақты өздері ойлап тапқан осы әдісімен жазып шыққан екен. Содан соң жазудың құпиясын ашу үшін флуоресцентті микроскоптың көмегіне жүгінген. Ғалымдардың айтуынша, осындай жолмен жазылған ақпаратты шамамен 1000 рет оқуға болады. Нәтижесінде ғалымдар деректерді секундына 128 битті жылдамдықпен жазған - осы күнде белгілі ақпаратты сақтаудың молекулярлы әдістеріне қарағанда көп жылдам.

ДНҚ-ға ақпаратты жазудың уақытты барынша үнемдейтін тың тәсілі пайда болды

АҚШ-тың солтүстік-батыс университетінің ғалымдары бар-жоғы 5 минут уақытыңызды алатын, TURTLES деп аталатын, ДНҚ-ға ақпарат жазудың тың тәсілін ойлап тапты. Бұл жайында islam.kz порталы pubs.acs.org ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдар ДНҚ синтезі үшін фермент жүйесін пайдаланған екен: ол қоршаған ортаның құбылмалы сигналдарын шапшаң жазады, нәтижесінде ген ақпарат тасушы және сақтаушы құралға айналады. Бұрын ДНҚ-ға ақпаратты жазуға бірнеше сағат немесе тұтас бір тәулік кететін, өйткені, ақуызды синтездеу көп уақыт алатын. Бұл тәсіл көп компонентті процеске негізделген, онда ДНҚ-дағы тізбекке ДНҚ-полимераздың көмегімен жаңа тізбек үстелетін. Ғалымдар барынша дәл жазу үшін белгілі бір ақуыздар экспрессиясын ынталандырудың және басудың жолдарын меңгеруге тура келген еді, оның өзіне ондаған сағат уақыт кететін. Ғалымдар бұл жолы қоршаған ортадағы өзгерістерге сезімтал, мәселен, металдың шоғырлану деңгейінің өзгергенін сезетін полимеразды пайдаланған. Сол себепті, ол «молекулярлы тикерлікк таспа» (қоршаған орта өзгерістеріне сезімтал) секілді әрекет етеді әрі ортаның өзгерген уақытын көрсетеді. Ғалымдар TURTLES әдісінде ДНҚ-дағы өзгерістерді тіркеп отыруы үшін биосенсорды пайдаланған екен. Ғалымдардың айтуынша, TURTLES көмегімен миды зерттеу құралын жасауға әрі жетілдіруге болады. Осы әдіс арқылы нақты нейрондардың стимулға қалай реакция танытатынын түсінуге болатынын алға тартып отыр.

Қарай отырыңыз:

«Ақпаратты ДНҚ-да сақтау тәсілі пайда болды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/aqparatty-dnq-da-saqtau-tasili-paida-boldy-15087/#gsc.tab=0);

«Ақпаратты ДНК-де тиімді сақтаудың әдісі табылды" (https://islam.kz/kk/news/gylym/aqparatty-dnk-de-tiimdi-saqtaudyn-adisi-tabyldy-13868/#gsc.tab=0);

«Генетикалық ақпаратты сақтайтын, ұрпақтан ұрпаққа табыстайтын жалғыз қайнар – ДНК емес...» (https://islam.kz/kk/news/gylym/genetikalyq-aqparatty-saqtaityn-urpaqtan-urpaqqa-tabystaityn-jalgyz-qainar-dnk-emes-12681/#gsc.tab=0);

«Биологтер РНҚ-дан 10 есе көп ақпарат алудың жолын тапты» (https://islam.kz/kk/news/gylym/biologter-rnq-dan-10-ese-kop-aqparat-aludyn-jolyn-tapty-14272/#gsc.tab=0);

«Адам қанша ақпаратты «сыйдыра» алады?» (https://islam.kz/kk/news/gylym/adam-qansha-aqparatty-syidyra-alady-video-15251/#gsc.tab=0)

 

 

0 пікір
Мұрағат