Ақиқат жаршысының (ﷺ) тағы бір хадисінің растығы ғылыми тұрғыдан дәлелденді
Ақиқат жаршысының (ﷺ) тағы бір хадисінің растығы ғылыми тұрғыдан дәлелденді
5 жыл бұрын 3830 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Екі әлем сардары (Алланың сәлемі мен игілігі болсын) хадистерінің бірінде: "Күллі жер беті мен үшін құлшылық орны әрі тазару орны (құралы) ретінде жаратылды..." (әл-Бұхари, 328; Мүслім, 521) деген болатын. 

Аталмыш хадисте Алла елшісі (с.а.у.) жердің тазартушы қасиетіне назар аудартуда. Әлбетте, ең әуелі ол хадистен "су жоқ кезде дәреттің орнына жерге тәяммум соғып, осылайша дәретсіздіктен тазаруға болатындығын" ұғынамыз. Әйтсе де, қазіргі ғылым ондағы "тазартушы" сөзінің астарында басқа да мән-мағына жатқандығын аңғартуда. Дәлірек айтар болсақ:  

Таяуда ғалымдар топырақ құрамында адам бойындағы емделуі қиын бактерия түрлерін жоя алатын антибиотик барына көз жеткізді. Бұл өз кезегінде топырақтың залалсыздандыру құралы бола алатынын дәлелдейді. Осы бағытта жүргізілген зерттеу барысында ғалымдар топырақты пайдалана отырып, адамды емделуі қиын бактерия түрлерін жоюға көмектесетін құрал ойлап таппақ болады. Ұзақ уақытқа созылған тәжірибеден соң топырақ 24 сағат, яғни, бір тәулік ішінде тұтас бактерия түрлерін жоя алатынына көз жеткізеді. Сонымен қатар, бактериялардың бұл тобы топырақтан өзге жолдармен ем-домы жасалған жағдайда 45 есе артып кететінін байқаған болатын. Осыдан Пайғамбарлар падишасының топырақтың осындай ерекше қасиетін хадисінде атап, оның тазартушы емдік сипатына да ишара еткендігін аңғаруға болады. Бұл өз кезегінде Алла елшісінің әрбір сөзінің астарында үлкен мән-мағыналар жатқандығының айқын дәлелі.

Жалпы топыраққа таяммум соғудың да астарында осындай сыр жатыр. Ит жалаған ыдыс-аяқты сумен қатар, топырақпен де тазалаудың астарында да осы шындық жатыр. 

Бұл материал "Пайғамбар Мұхаммедтің  шынайлығын дәлелдейтін 7 ғылыми факті" деп аталатын ғылыми мақаладан ықшамдалып алынғанын айта кету керек. islam.ru дерек көзінен алынды. 

0 пікір
Мұрағат