Антидене дегеніміз не өзі?!
Антидене дегеніміз не өзі?!
4 жыл бұрын 19429 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Қазақтың маңдайалды жоғарғы оқу орындарының бірінен саналатын С.Д. Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медицина университетінің жалпы иммунология кафедрасының ассисенті, медицина ғылымдарының магистрі Арайлым Әбілбаева ханым антидененің не екенін барынша қысқа да нұсқа әрі анық та қанық түсіндіруге тырысты. Бұл жайында islam.kz порталы topdoc.me ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді.

Ғылымға иммундық жүйе белгілі болғаннан кейін бұл жаңалық өз кезегінде адам денсаулығына орасан зор оң әсерін тигізді. Дәлірегі, бұл тарапта инфекциялық аурулардың табиғатын тануға, антибиотиктердің пайда болуына, екпенің қолданысқа енуіне аталған жаңалықтың көмегі көп тиді. Бұл тек басы ғана.

Иммундық жүйе адамды қалай қорғайды?

Иммундық жүйе – адам организімінің аса күрделі жүйесіне жатады. Аталмыш жүйе организмге тән және жат (бөгде) микроорганизмдерді ажыратып, түрлі өзіндік ерекшелігі бар миллиондаған антидене мен Т-жасушасының трлн-нан аса түрлі рецепторын қалыптастыра алады. Иммундық жүйе параллелді әрекет ететін, өзара тығыз байланысты екі жүйеден тұрады – гуморалды және жасушалы иммундық жауап қатады. Бұл материалда гуморалды иммундық жауап қатуды қамтамасыз ететін антиденені қарастырамыз.

Антидене дегеніміз не?

Біздің организімізде, бейнелеп айтқанда, жат агенттерді іздеумен әрі жоюмен айналысатын «арнайы жасақ» бар. Антиденелер бұл күресте алғы шепте жүретін әрі маңызды рөл ойнайды. Антидене – Ү тәрізді ақуыз, құлып пен кілт секілді жат микроорганимдермен (вирус, бактерия немесе паразит) байланысады. Антидене іздегенін тапқан бетте онымен байланысып, нәтижесінде патогенді жояды. Антидене иммундық жүйенің жолдан қосылған (бейімделген) бөлігі, олар белгілі бір микробтарды танып, жояды. Антидене – негізінде адам организіміне жат, ол вирустың немесе бактерияның бір бөлігі болуы да мүмкін. Мәелен, тәжді тажал жұқпалы індетінің жаңа түрі SARS-CoV-2 вирусының сыртқы қабығында өзгеше тікендер бар, кей антиденелер осы тікенді ақуызбен байланысып, таниды. Иммуноглобулин (Ig) деп те аталатын антидене бес тоқа бөлінеді : IgG, IgM, IgA, IgD и IgE. У, олардың әрқайсысының өз функциясы бар. Олар жолдан қосылған (бейімделген) иммунитеттің В-жасушасымен синтезделеді. Антиденелердің барлығы бірдей патогенмен байланысқанда бірдей әрекет ете бермейді. Кейбіреулері микробты тікелей залалсыздандыра алады, осылайша жасушаға енуіне жол бермейді. Ал енді бреулері иммундық жүйенің киллер жасушалары танып оюы үшін жат агенттерді «белгілейді». Тағы біреулері жабысқақ пленкамен вирусты немесе бактерияны орап қымтап тастайды. Организмге вирус еенгеннен кейін 7-10 күн ішінде бірінші болып IgM антиденесі қалыптасады, шамамен 10-14 күн ішінде организм иммундық жүйенің негізгі иммуноглобулины болып табылатын IgG антиденесін істеп шығара бастайды. Сол себепті, инфекциялық ауруларға диагноз қоярда алғашқы аптада антидененің мол шоғырын анықтау мүмкін болмайды, өйткені, оның синтезделуі үшін белгілі бір уақыт кетеді. Жоғарыда айтып өткеніміздей, антидене – ақуыз болғандықтан ол өзге ақуыздар секілді ыдырап, ары кеткнеде бірнеше ай ішінде организмнен шығады. Алайда, кейбір В-лимфоциттер жады жасушасына айналады, бұл жайт өз кезегінде болашақта организм қайыра індет дертіне шалдыққан кезде жедел иммундық реакцияның пайда болуына ықпал етпек. В-жасушалары организмде өмір бойы қалып, антиденелерді синтездей отырып, организмді өмірлік иммунитетпен қамтамасыз  етеді.

0 пікір
Мұрағат