Адамның неге ұйқысы келеді – тың зерттеу
Адамның неге ұйқысы келеді – тың зерттеу
3 жыл бұрын 3138 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Израил ғалымдары организмде зақымдалған ДНҚ-ның көбеюінен пайда болатын гомеостатикалық қысым күшейгенде адамның ұйқысы келетінін алға тартып отыр. Ұйқы кезінде зақымдалған ДНҚ қалпына келеді. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Molecular Cell мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Яғни, зақымдалған ДНҚ мөлшері белгілі бір шекке жеткенде айрықша ақуыз сигнал береді. Адам мен жануарлар өмірінің шамамен үштен бірін ұйқымен өткізеді. Бұл ааталып отырған тетік жүйке жүйесіне ие барлық тіршілік иелеріне, соның ішінде шыбын, құрт, медуза секілді омыртқасы жоқ жәндіктерге де тән. Бар-Илан атындағы университет пен Гонд атындағы миды зерттейтін пәнаралық орталық ғалымдары бұл бағытта данио балығына арнайы тәжірибе жүргізіп көрген екен. Нәтижесінде ұйқыға жауапты молеулярлық тетікті анықтады. Ояу кезде ми нейрондарында зақымдалған ДНҚ-ла жиналады. ДНҚ ультркүлгін сәуледен, нейрондардың белсенділіген, радиациядан, қышқыл стрестен, ферменттік қателіктен, т.б. түрлі факторлардан зақымдалып жатады. Ғалымдар зақымдалған ДНҚ-лардың белгілі бір шекке дейін жиналғаннан кейін гомеостатикалық қысымды қалай күшейтіп, ұйқы шақыратынын тәжірибе жүзінде тексеріп көрген екен. Бұл тарапта данио балығының ДНҚ –сын фармоцептикалық дәрілердің, сәулелендіру, оптогенетика көмегімен зақымдап көрген екен. Нәтижесінде зақымдалған ДНҚ-лардың белгілі бір шекке дейін жиналуынан номеостатикалық қысымды күшейтетіні белгілі болды. Ұйқы кезінде балықтың зақымдалған ДНҚ-лары қалпына келген, дегенмен бұл тараптағы елеулі «жетістік» биологиялық ырғаққа бағынатын орнанизмде түнгі алты сағаттық ұйқыдан соң болатынына көз жеткізген. Бұдан бөлек, ғалымдар ДНҚ-ның зақымдалғанына ең алдымен PARP1 ақуызы реакция танытатынына көз жеткізген. Аталмыш ақуыз миға ұйықтау жөнінде сигнал жібереді. Сондай-ақ, ғалымдар адам ояу кезде ДНҚ-ның «жыртылған» жеріндегі PARP1 ақуызының кластерленуі артатынына және ұйқы кезінде төмендейтініне куә болған (кластерлену – ұқсас белгілері бойынша бірігу мағынасын береді – ред.). Ғалымдар тәжірибедегі балықтың PARP1 жіберетін сигналды бұғаттаған кезде балық өзінің шаршағынан сезбеген әрі зақымдалған ДНҚ*-сы қалпына келмеген. Бұл жаңалық өз кезегінде ғалымдарға Паркинсон және Альцгеймер секілді нейродегенеративті ауруларды емдеуде, қартаю процесін баяулатуда, ұйқысыздықты емдеуде көмегі тиюі мүмкін екенін алға тартып отыр.

0 пікір
Мұрағат