Адам ойының ұшқырлығы есептелді
Адам ойының ұшқырлығы есептелді
17 сағат бұрын 194 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Калифорния технологиялық институтының (Америка құрама штаттары) ғалымдары адам ойының жылдамдығын алғаш рет нақты сан тұрғысынан зерттеп, ой ұшқырлығы секундына 10 бит деңгейінде болатынын анықтады. Бұл жайында islam.kz порталы Neuron мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Биология ғылымдары зертханасында жүргізілген зерттеу нәтижесінде мидың ақпаратты өңдеу жылдамдығы мен адамның сенсорлық жүйелері жинаған деректер арасында елеулі сәйкессіздік орын алатыны анықталды. Бұл тараптағы зерттеу барысында мидың сенсорлық жүйелерден келетін триллион биттің секундына небәрі 10 бит ақпарат қана алатыны анықталды. Бит ақпараттың негізгі бірлігі бола тұра, мидың айналадағы дүниені қабылдау және шешім қабылдау үшін пайдалана алатын деректер мөлшерін өлшеуге немесе анықтауға мүмкіндік береді. Ғалымдар ақпаратты өңдеудің мұндай төмен жылдамдығы кереғарлықты тудыратынын атап өтеді: ми өзіне келіп түсетін деректердің орасан зор мөлшерін сүзгіден өткізетіндіктен бұл құбылыс қосымша зерттеуді қажет етеді. Талдау әдіснамасы адам әрекетінің кең ауқымын, соның ішінде оқу, қандай да бір мәселенің шешімін табу қабілетін, ғылыми әдебиеттен алынған деректерге ақпарат теориясын қолдануды қамтыды. Адам миында 85 млрд-тан астам нейрон бар, олардың үштен бірі жоғары деңгейдегі ойлау процестеріне қатысады. Олардың көп мөлшерде ақпарат беру әлеуетіне қарамастан, ойлау жылдамдығы секундына 10 битпен шектелген. Мидың күрделі нейралды архитектураға ие екенін ескерсек, бұл шектеудің себебі неде жатқанын анықтау маңызды. Ғалымдар бұл құбылыстың түп-төркіні эволюциялық факторда жатқаны турасында болжам жасап отыр. Сенсорлық жүйелердің көптеген деректі параллелді тұрғыдан өңдеу қабілетіне қарамастан, мидың бір уақытта бір ғана ойды неге өңдейтіні туралы сауалға ерекше назар аударылады. Ғалымдардың гипотезасы бойынша бұл құбылыс эволюция тарихымен байланысты: ежелгі жүйке жүйелері ғарышта навигацияға бейімделіп, ойлаудың сызықтық құрылымын қалыптастырды. Бұл тәсіл күрделі танымдық процестерде, оның ішінде шешім қабылдауда да сақталып қалған. Осыған қарап ғалымдар адам ойының жылдамдығының едәуір баяу болатынына байланысты ми-компьютердің жылдамдығы жоғары интерфейстерін жасау мүмкіндігіне күмәнмен қарайды. Ақпаратты өңдеудің баяулығына қарамастан, эволюция адамды қоршаған ортада тіршілік етуі үшін жеткілікті деңгейде таным иесіне айналдырған, өйткені, қоршаған ортадағы өзгерістер ойлаудың ең жоғары мүмкін жылдамдығынан әлдеқайда баяу жүретінін де ескеру керек. 

0 пікір
Мұрағат