3D-принтерде бионұсқасына ұқсас, ауыстыруды қажет етпейтін жүрек клапаны басылып шығарылды
3D-принтерде бионұсқасына ұқсас, ауыстыруды қажет  етпейтін жүрек клапаны басылып шығарылды
3 жыл бұрын 960 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Andreas Heddergott, TUM

Халықаралық зерттеу тобы жасанды жүрек қақпақшалары үшін тіректерді жобалап, басып шығарды. Жаңа технология табиғи клапандардың күрделі құрылымына ұқсайды және пациенттің өз жасушаларынан жаңа жүрек тінін қалыптастыруға көмектеседі. Бұл жайында islam.kz порталы tum.de ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жаңа 3D басып шығару технологиясы - балқытылған электроспинингті қолдану арқылы ғалымдар жүрек қақпақшаларының күрделі, гетерогенді құрылымына «еліктеуге» мүмкіндік алды, яғни, имитациясын  тудыра алған. Имплантациядан кейін науқастың өз жасушалары жасанды клапанның кеуекті тірек құрылымында өседі, содан соң уақыт өте келе ыдырайды. Адам ағзасында дұрыс қан айналымын қамтамасыз ететін төрт жүрек клапаны бар. Ғалымдар оның жұмысын қамтамасыз ету үшін клапан тінінің гетерогенді құрылымға ие болатынын, яғни, жекелеген учаскелерінің әртүрлі биомеханикалық қасиеттерге, яғни, биологиялық тетіктерге ие екенін алға тартады. Электроспиннинг технологиясы өте жұқа полимер талшықтарынан нақты үлгілерді қалыптастыру үшін қуатты электр энергиясын пайдаланады. Бұл әдіс арқылы жеке өрнектерді және олардың комбинацияларын жоғары дәлдікпен басып шығаруға және басылған жүрек қақпағының механикалық қасиеттерін реттеуге болады. Негізгі материал ретінде ғалымдар биологиялық түрғыдан ыдырайтын поликапролактонды пайдаланады. Бұл материалдың қаңқасы табиғи жүрек клапандарыан табылған эндогендік эластиннің қасиеттеріне ұқсайтын серпімді материалға салынған. Бұл жабынның поликапролактон қаңқасына қарағанда кішірек микрокеуектері бар екені атап өтілген. Ғалымдардың пайымдауынша, науқастың жасушалары жаңа жүрек тінін қалыптастыратын осы тесіктерге орналасады. Бұл ретте клапан құрылымы қан ағымын қамтамасыз ететіндей жеткілікті деңгейде тығыз болып келмек. 3D-принтерінде басып шығарылған жүрек клапаны организмдегі қан ағымы мен қысымын имитациялайтын жасанды қан айналу жүйесінде сынақтан сәтті өтті. Сонымен қатар, бірінші in vitro сынақтары кезінде жасуша дақылдары тасымалдаушы құрылымда өскен болатын. Ғалымдар жақын арада жануарларға сынақ жүргізуді жоспарлап отыр. Аталмыш зерттеуге жетекшілік еткендердің бірі, Мюнхен техникалық университетінің медициналық материалдар мен импланттар профессоры Петра Мела пациенттің жұмыс істейтін жаңа тінінің қалыптасуына ықпал ететін жүрек клапанының биологиялық ұқсас түрін жасауды алдарына мақсат етіп қойғандарын жеткізді. Жүрек клапанының бұл биологиялық ұқсас түрі, әсіресе, жүрек қақпақшасының ақауынан зардап шегетін науқас балаларға көп көмегін тигізеді. Өйткені, қазіргі уақытта пайдаланылып жүрген жасанды жүрек клапандары балалармен бірге өспейді, бірнеше рет ота жасап, жаңасына ауыстырып отыруға тура келеді. 

0 пікір
Мұрағат