Тіршілік иелері ғарышта да ұрпақ өрбіте алатын болып шықты
|
Жапон ғалымдары өзгеше тәжірибе нәтижесін жариялады: халықаралық ғарыш стансасында тышқанның шаранасын жетілдіріп, өсіре алған. Бұл жайында islam.kz порталы ScienceAlert ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш зерттеу өз кезегінде сүтқоректілердің, соның ішінде адамды қоса алғанда, ғарышта да ұрпақ өрбіте алатынын көрсетіп берді. Осы арада мұндай тәжірибенің алғаш рет жүргізіліп отырғанын айта кету керек. Яғни, кеміргіштің ұрығы микрогравитацияда да қалыптан ауытқымай дами алады. Болашақта адамдар алыстағы Марс немесе өзге аспен денелеріне саяхаттаса, ұрпақ өрбітіп, перзент сүйе алатын болады. Ұрықты ХҒС-на жөнелтпес бұрынекі жасушалық кезеңге дейін жерде өсірілді. Содан соң оны арнайы құралда өсіре бастады. Ұрық жерге қайтарылғанға дейін төрт күн бойы дамуын жалғастырды. Тышқан ұрығы бластоцистаға, дәлірегі, ұрықтың және плацентаның пайда болуынан бұрын болатын құрылымға айналды. Бұл бағыттағы тәжірибе гравитацияның ұрықтың дамуына айтарлықтай әсерін тигізбейтінін көрсетті. Әлбетте, ұрықтың барлығы бірдей аман қалған жоқ. Дегенмен, аман қалғандары одан ары дамып, өміршеңдігін танытты. Ғарышта өсірілген ұрықтың ДНҚ-да немесе генінде елеулі өзгеріс орын алмаған.