Су бетімен сырғанайтын «робот қоңыз» жасалды
Су бетімен сырғанайтын «робот қоңыз» жасалды
3 ай бұрын 1120 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Бұл робот энергияны бактериялардан алады. Теориялық тұрғыдан оны кез келген немесе қалаған жерге жіберуге және ақпаратты жинауға болады, мысалы, температура немесе ауаның ластануы туралы деректі жинауға. Бұл жайында islam.kz порталы TechXplore ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бингемтон университеті мен Нью-Йорк мемлекеттік жоғарғы оқу орнының ғалымдары суда сырғып, мәлімет жинай алатын автономды немесе өздігінен қозғала алатын дербес (автономды) құрылымды ойлап тапты. Инженерлер бұл құрылғы су робототехникасында төңкеріс жасайды, деп есептейді. Футурологтардың болжауынша, 2035 жылға таман заттар интернеті деректерді бір желіге жинайтын және тасымалдайтын триллиондаған автономды құрылғыларды қамтитын болады. Тұрмыстық техникадан бастап өнеркәсіптік кәсіпорындарға дейін кез келген зат немесе бұйым, соның түрлі техникалық құрылғылар жаһандық деректер қорының ақпарат көзіне айналады. Дегенмен, жер планетасының 71%-ын су алып жатыр, бұл фактор өз кезегінде ғаламдық ауқымда заттар интернетін шектейді. Міне, осы орайда су роботтары көмекке келе алады. Бұрын ғалымдар жарамдылық мерзімі 100 жылға жететін, бактериялардан қуат алатын биобатареяларды жасаумен айналысқан болатын. Содан кейін олар осы бірегей жобаның негізінде өзін-өзі «емдейтін» немесе қалпына келтіретін робот жасады. Жаңа су роботтары осындай технологияны пайдаланады, себебі, ол күн, кинетикалық немесе жылу энергиясын алуға кедергісі көп қолайсыз жағдайларда жұмысын тоқтатпайды. Роботтың бір жағы суды тартады (гидрофилді), ал екіншісі оны кері қайтарады (гидрофобты). Бұл құрылғыға судан қоректік заттарды сіңіріп, бактерия спораларының өндірісін қамтамасыз ету үшін оларды ішінде сақтауға мүмкіндік береді. Бактериялар қолайлы жағдайда вегетативті жасушаларға айналып, энергия өндіре бастайды. Ал тым суық немесе қоректік заттардың тапшылығы сияқты қолайсыз жағдай кезінде олар споралы күйге оралады. Бактериялардың осындай жай-күйі құрылғының қызмет ету мерзімін ұзарта алады. Өндірілген қуат 1 милливатқа жетер-жетпес болса да боттың механикалық қозғалысына және қоршаған орта деректерін бақылайтын кез келген сенсорлардың жұмысы үшін жеткілікті - су температурасы, ластану деңгейлері, коммерциялық кемелер мен ұшақтардың қозғалысы, сондай-ақ, су жануарлары, т.б. деректер жинауға жеткілікті.

0 пікір
Мұрағат