Студенттер сөйленген сөзі талдап, пайдаланушыға кеңес беретін көзілдірік әзірледі (видео)
Студенттер сөйленген сөзі талдап, пайдаланушыға кеңес беретін көзілдірік әзірледі (видео)
1 жыл бұрын 1112 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Стэнфорд университетінің студенттері пайдаланушыға диалог жүргізуіне, яғни, сұхбат құрған адаммен тілдесуіне көмектесу үшін толықтырылған шындық пен AI (жасанды зерде) қолданылатын көзілдірік жасап шығарды. Бұл жайында islam.kz порталы осынау өзгеше құрылғының сыр-сипаты жарияланған Interesting Engeneering ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, бұл көзілдірік алдымен «әңгіменің не туралы болып отырғанын саралап, қалай жауап қатуға, яғни, әңгімені одан ары өрбітуге» көмектеседі. Құрылғының жұмыс істеу принципі осындай, дәлірегі, нақты бір тұлғамен сөйлесу кезіндегі ақпараттарды әңгімелесу тақырыбына орайластыру үшін адамның бет-әлпетін тану жүйесімен жабдықталған. rizzGPT AI көзілдірігі Bluetooth арқылы хост құрылғысындағы веб-қосымшамен байланысады, ол пайдаланушының телефоны болуы мүмкін. Пайдаланушы сөйлескенде дыбыс нақты уақытта мәтінге түрленеді. Құрылғы OpenAI ұсынған Whisper сөйлеуді тану жүйесін пайдаланады. Алынған деректер негізінде жүйе қойылған сұрақтарға ықтимал жауаптарды ұсынады. Құрылғы Brilliant Labs әзірлеген Monocle AR смарт көзілдіріктеріне негізделген. Олар пайдаланушымен және қоршаған ортамен өзара әрекеттесу үшін микрофонды, жоғары ажыратымдылықтағы (ажыратып өрсету мүмкіндігі жоғары – ред.) дисплейді және камераны пайдаланады. Бейне көрсетілімде (төменде – ред.) қатысушылардың бірі көзілдірік таққан адамға сауалдарын қояды. Аталмыш жүйе сауалдың мағынасын түсіндіреді және сәл кідіріспен жауап береді, жауап шыны экранда көрсетіледі. Мұның бәрі бір секунд ішінде болады. Әзірлеушілер транскрипция жылдамдығы негізгі құрылғыдағы Wi-Fi немесе мобильді интернет жылдамдығына байланысты екенін атап өтті.

 

0 пікір
Мұрағат