Швейцариялық инженерлер дронды эхолокация арқылы бағыт алып, шарлауды «үйретті»
Швейцариялық инженерлер дронды эхолокация арқылы бағыт алып, шарлауды «үйретті»
2 жыл бұрын 1395 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Бүгінгі күні роботтардың көпшілігі зертханалардан тыс жерде өз бетінше, яғни, дербес (автономды) әрекет етіп, күрделі сенсорлық жүйелерге сүйенеді. Бұл жайында islam.kz порталы arXiv ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Алайда, техниканың аты – техника, қателік кетуі, жаңылыс қадам жасау қатері болады. Бұл бағытта швейцариялық инженерлер дронды қандай да бір затпен  соқтығысудың алдын алуға көмектесетін пьезодинамикамен және микрофонмен жабдықтады. Дыбысты өңдеу алгоритмдері арқылы эхолокация дағдылары бар дрон ұшу бағытын өзгерту үшін өзі үшін қауіпті қабырғаны байқай алады. Дәлірегі, бүгінде такси қызметінде жолаушының барар жерін анықтауға көмектесетін, кеңінен тараған әдіске ұқсас тәсіл қолданылады.  Қазіргі уақытта роботтардың көпшілігі локализация және картаға түсіру үшін күрделі сенсорлық жүйелерге сүйенетіні белгілі: камералар, лидарлар, радарлар және т.б. қысқасы, зертханаларынан тыс автономды және қауіпсіз жұмыс істеуіне қажетті сенсорлармен жабдықталған. Дегенмен, дрондар түрлі сенсорлармен жабдықталуына байланысты шектеуден барынша еркін әрі бағытынан жаңылмай қозғалу мүмкіндігі аз, сондықтан инженерлер үнемі коптердің автономды ұшуына қажетті жабдықтың көлемін азайтуға көмектесетін шешімдерді іздейді. Лозанна федералдық политехникалық мектебінің (EPFL) инженерлері өз зерттеулерінде ұшқышсыз эхолокацияны жобасын қолға алған екен. Тәжірибе платформасына айналған, пьезоэлектрлі динамикамен, 4 микрофонмен және бағдарламалық жасақтамамен жабдықталған Crazyflie шағын дроны микрофон тіркеген дыбыс динамикасын қабылдайды, осылайша қоршаған ортада бағдар алып, кедергілерді еңсреді, дәлірегі, тосқауылдардан айналып өтеді.

0 пікір
Мұрағат