Пластик пен жаһандық жылыну арасында байланыс бары анықталды
Пластик пен жаһандық жылыну арасында байланыс бары анықталды
6 ай бұрын 640 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Пластикпен, соның ішінде микропластикпен ластанған әлемдік мұхит пен теңіз жһандық жылыну қарқынын арттырып, аптап ыстықты күшейтуі мүмкін, өйткені, пластик қалдықтары мұхиттың парниктік газдарды сіңіру процесін баяулатады. Бостондағы Солтүстік-Шығыс университетінің ғалымдары осындай қорытындыға келді. Бұл жйындағы islam.kz порталы Marine Chemistry (MarChem) мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мыңдаған жылдар бойы әлемдіек мұхитқа өлі фитопланктондар жиналып, қарға ұқсайтын үлпек түрінде түбіне шөгіп, теңіз тереңдіндегі көміртегін аулайтын процестің бір бөлігі болды. Таяуда бұл тарапта жүргізілген зерттеу нәтижесі пластикалық бөлшектердің бұл процесті «теңіз қарын» әлдеқайда серпінді ету арқылы баяулататыны анықталды. «Негізінде пластик теңіз қарының еру жылдамдығын бәсеңдетеді, бұл жайт өз кезегінде мұхиттың атмосферадан көмірқышқыл газын аулау тиімділігін төмендетуі мүмкін», - деп түсіндірді талмыш зерттеуге атсалысқан профессор Арон Стуббинс. Зертханалық тәжірибе нәтижесі көрсеткендей, пластмассамен ластанған фитопланктон үлпектері таза фрагменттерге қарағанда шамамен 20% баяу батады. Америклық ғалымдар, сонымен қатар, микропластиктердің тірі фитопланктонның көмірқышқыл газының сіңуін азайтатынын анықтады. Суда еріген кезде полимерлер органикалық көміртекті бөледі, бұл көміртектімен теңіз өсімдіктері қоректенеді. Баламалы қорек көзі болғандықтан фитопланктон атмосферадан көміртекті сіңіруді тоқтатады, ауадағы көмірқышқыл газының концентрациясын (шоғырлану деңгейін) арттырады.

0 пікір
Мұрағат