Мысығы бар үйде өскен ұл баланың есейгенде психозға шалдығу қатері артады
Мысығы бар үйде өскен ұл баланың есейгенде психозға шалдығу қатері артады
3 жыл бұрын 2080 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Үйінде мысығы бар үйде өскен ұл балалардың есейгенде психозға шалдығу қатері артады. Бұл жайында islam.kz порталы ScienceAlert ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мұндай құбылысты ғалымдар адамға мысықтан жұғатын Toxoplasmosis gondii паразитімен байланыстырып түсіндіріп отыр. 90-шы жылдардың өзінде (ХХ ғасыр) балалық шағында мысықпен бір үйде өскен балалардың болашақта неврологиялық ауытқуларға ұшырайтыны белгілі болған еді, алайда, мұның себебі мен салдарының пайда болу тетігі сол күйі ашылмай қалған болатын. Таяуда канадалық ғалымдар өз зерттеуінде мынадай пайым жасады: мысық егеуқйрықтарды аулап жүріп, Toxoplasmosis gondii паразитін жұқтырған жағдайда адамға да жұғады. Аталмыш гипотезаның растығына көз жеткізу үшін ғалымдар бұл тарапта 2,2 мың адамға сауалнама жүргізіп көрген екен. Үйде мысық асыраудан бастап, бас сүйегі мен ми жарақатын алғаны немесе алмағаны, сондай-ақ, қоныс аударғаны немесе аудармағаны туралы мәліметтер де назардан тыс қалған жоқ. Алынған деректер сараптамасының нәтижесінде көп уақытын көшеде немесе далада өткізетін мысығы бар үйде өскен ер адамдардың психоздық ауытқуға жиі ұшырайтыны анықталған. Мсығы бар үйде өскен әйелдердің бойынан мұндай ауытқу байқалмаған. Неге бұлай? Бұл сауалдың жауабы алдағы уақытта белгілі болып қалуы мүмкін. Өйткені, аталған зерттеуге қатысқандардың қан анализі (Toxoplasma gondii паразитіне қарсы антиденесі барына қатысты) әлі жүргізілген жоқ.

kk.mldunbound.org дерек көзінен:

Психоз дегеніміз не?

Психоз - бұл шындықпен байланысын жоғалту және басқа адамдармен қарым-қатынастарды терең бұзуымен сипатталатын, психикалық әлеуметтік ауырлық. Психоздар тұлғаның құлдырауына әкеледі. Шындықтың әсерін нақты бұрмаланған көрініс. Ауру процесіне байланысты науқастың және оның айналасындағы қатынастар өзгереді.

Психоз - бұл ми мәселесі, аурудың басталуы және ағымы генетикалық, биохимиялық және экологиялық факторлармен байланысты (интоксикация, миға физикалық жарақат, психотраума, инфекция және т.б.). Психоз организмдегі белгілі бір патоморфологиялық және патофункционалды өзгерістермен байланысты. Бұл мәселе нейро-церебральды заттың анатомиялық құрылымы мен функционалдығын өзгертеді.

Бұзушылықтар қабылдау мен ойлауға, жад пен қиялға, сезім мен ерікке, қарым-қатынас пен қарым-қатынасқа, сана мен тұлғаға әсер етеді. Психозбен ауыратын адам өзінің ауытқуы туралы білмейді және сыртқы әлемнен оқшауланған, өз жағдайын жасайды. 

0 пікір
Мұрағат