Күн сөнсе, адамзат аман қала ма – ғалымдардың гипотезасы
Күн сөнсе, адамзат аман қала ма – ғалымдардың гипотезасы
3 жыл бұрын 2861 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Күн кенет сөніп қалды делік, Жер біртіндеп суииды, нәтижесінде жердегі тіршілік атаулыға қауіп төнеді. Күн сөнген сәттен бастап бірнеше күннен кейін жердегі ауа температурасы 17°С-қа дейін төмендейді. Бұл жайында islam.kz порталы Popular Science ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бір жылдан соң ауа қақаған аяз орнайды - -73°С. Әлемдік мұхит мұз боп қатады, алайда, мұхиттың терең қатпары, тұңғиық бірнеше жүздеген жылға дейін сұйық қалпын сақтайды. Бір млн жылдан соң жердегі ауа температурасы -240°С-қа дейін төмендейді. Дэвид Стивенсон есімді профессордың айтуынша, жер планетасы жылу таратады, түбінде ғарыш кеңістігіне беретін жылу деңгейіне келеді. Мұндай төтенше жағдайда тек микроорганизмдердің тек бір бөлігі ғана аман қалады. Өсімдіктер күн сөнгеннен кейін бірнеше аптадан соң солып қалады. Ал ағаштар өзіне тән баяу зат алмасу процесінің арқасында ондаған жылдарға дейін қурамайды. Барлық жануар қырылады. Ал адамзатқа келсек, жерасты су құралдарын мұхит тұңғиығында пайдалана алатын деңгейге жетсе, аман қалмақ. Ал жер бетінде ядролық немесе геотермалды энергияны пайдалануға болатын аймақта тіршілік ете алады.

0 пікір
Мұрағат