Криптовалюта көлеңкелі экономикаға қызмет еткен көбік пе...
Криптовалюта көлеңкелі экономикаға қызмет еткен көбік пе...
6 жыл бұрын 3155 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Естеріңізде болса, осыдан екі ай бұрын «Криптовалюта нарығын не күтіп тұр» деген тақырыппен хабар таратыппыз. Әуелгі сөзімізге кіріспес бұрын айтар ойымыз кеңінен түсінікті болуы үшін алдымен электронды ақшаға қатысты осыдан екі ай бұрынғы хабарымыздың мәтінін толық беруді жөн көріп отырмыз:

"Каспер зертханасының" (компьютерлік вирустан, спамнан, хакерлік шабуылдан және өзге де кибер қауіп-қатерден қорғау жүйесін құруға маманданған халықаралық компания. Әлемнің 200 елінде қызмет етеді) мамандары алда келе жатқан 2019 жылы криптовалюта нарығын не күтіп тұрғаны турасындағы өзінің талдау әрі сараптамалық материалымен бөлісіпті. Әлемдік бұқаралық ақпарат құралдарында. Биыл криптовалюта талай адамның өміріне дендеп енгендіктен бұл сала кибер қарақшылары мен қылмыскерлерінің назарын өзіне аударып отыр. Әлем бойынша. Ол ол ма, соңғы уақытта электронды ақша талап ететін, жымқыратын, ұрлайтын, тонайтын программист бопсалаушылар шыға бастаған. Десе де 2018 жылың екінші жартысында криптовалютаның бағасы құлдырағандықтан оған деген жұрттың қызығушылығы азайып, тұтынушылар тарапынан сұраныс күрт кеміп кеткен. Бұл нарықта біршама капитал жинап үлгергендер мен брокерлердің табысы төмендеп кеткен. Осыған байланысты кибер қылмыскерлердің белсенділігі де бәсеңдеген. Бұл "жағымсыз тенденция" өз кезегінде келесі жылғы криптовалюта нарығына кері әсерін тигізбек. Бұдан бөлек, криптовалютадан өзге блокчейн технологиясының артықшылығы мен ерекшелігі және тиімділігі туралы ұғымның күлі көкке ұшуы мүмкін. Сарапшылардың сөзіне қарағанда, блокчейн технологиясының өзі емес, оған деген адамдардың сенімі мен көзқарасы аталмыш технологияның кейінгі кезде кеңінен қолданыла бастауына түрткі болған негізгі факторлардың бірі болды. Кейбір қаржы мекемелері мен сала мамандары блокчейннің қолдану аясының тар екендігін, яғни, аталмыш технологияның мүмкіндігі шектеулі екендігін алға тарта бастады. Көптеген  жағдайда басқа тәсілдермен оны қолдану өз-өзін ақтамаған да керек десеңіз. Оның қолдану аясын ұлғайтуға қатысты ізденіс пен тәжірибе келесі жылы тоқтатылатын болады. Ал криптовалютаны төлем құралы ретінде пайдалану сирейді. 

Өткен екі жыл мұғдарында әлемдік бұқаралық ақпарат құралдарын шулатқан криптовалюта ұғымының «ұмытылуына» электронды ақшаға деген сенімсіздікте, дәлірегі, блокчейн технологиясына деген сенімсіздікте жатыр. Халықаралық терроризмді аталмыш технологияның көмегімен қаржыландыру, көлеңкелі экономиканың көлемін арттырады, яғни, қаржы айналымы секілді күмәнді сауалдар жетегінде бір жақты, тар аяда қарастыруда жатыр. Төркініне үңілуден гөрі төбесінен шолудың ақыры қайшылыққа ұрындыруда. Тіпті, криптовалютаға қатысты жаңалықтар легіне көз жүгіртсеңіз де қайшылықтан аяқ алып жүре алмайсыз: мәселен, Қытайда халықтың 40%-ы криптовалютаға инвестиция салуға әзір болса, АҚШ-та өткен жылы америкалықтар биткоинмен сауда-саттықтан 1,7 млрд долларынан айырылған. Сарапшылардың сөзіне қарағанда, бұған криптовалюта «табиғатының» еш қатысы жоқ, бұған криптовалютаның мән-жайын, дәлірегі, экономикалық мән-мағынасын жете білмеген немесе бағаламаған адамдардың өзі кінәлі. Жақсы бастаманы ақыры көбікке айналдырып тынған. Ал Леонид Хазанов есімді экономистің сөзіне қарағанда, криптовалютаға деген қызығушылықтың жоғалуына майнинг құнының артуы себеп болған. «Ол нақты құрал-жабдықты қажет етіп қоймай, электр энергиясына да мұқтаж. Бүгінгі таңда майнингке кейбір жекелеген елдер тұтынатын электр энергиясы жұмсалады. Бұл өз кезегінде электр жүйесіне зақым келтіруден қауіптенетін қадағалаушы органдардың назарын өзіне аударып отыр»,- деді ол. Әдетте сарапшылар криптовалютаға деген қызығушылықтың жоғалуына түрткі болған негізгі екі факторды атайды:

  1. Биліктің криптовалютамен операциялар жүргізуге қойған шектеу шаралары электронды ақшаны көлеңкелі экономикада пайдалану мүмкіндігін азайтты;
  2. Криптовалютаны тек аса ірі мәмілелерде пайдалану тиімді. 

Бұдан бөлек, криптовалюта төңірегіндегі алып-қашпа әңгімелер оның бағасын шарықтатып жібергенімен бағамы құбылмалы болғандықтан оны күнделікті экономикада қолдану қатері тым жоғары. Сол себепті, оны кеңінен қолдану мүмкін емес. Оның үстіне, Ресейдегі бірлескен телекоммуникация корпорациясының атқарушы директоры Ярослав Дубовиковтың сөзінің жаны бар: «Криптовалюта — қолдан жасалған блокчейн-технология. Бұл тауар-ақша қатынасы мен цифрлы кеңістікті кіріктіруден туған синтетикалық өнім. Алайда, оны, яғни, жап-жақсы бастаманы бәзбіреулер алаяқтық әдіске айналдырып жіберді». Мейлі көбік болса да оның ізі қалып қойды – былайша айтқанда, алғашқы іргетасы қаланды. Бүгін ұмыт болғанымен ертең қолданысқа кеңінен енетін дүние.

Криптвалюта құндылықты алмастыратын жаңа форманы тудырды: шекараға қарамайтын, реттейтін органды қажет етпейтін, нақты бір ережеге зәру емес, басы артық әуреге салмайтын, уақытты үнемдеуге мүмкіндік беретін  басқа да артықшылықтары бар өз алдына бөлек әлем.

0 пікір
Мұрағат