Капитализмді қандай экономика алмастыруы мүмкін
Капитализмді қандай экономика алмастыруы мүмкін
6 жыл бұрын 4542 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Алексей Сахнин есімді орыстың саяси эмигрантының айтуынша, капиталистік жүйе өз әлеуетін түгескен. Мұның арты, өздеріңіз көріп жүргендей, еңсерілуі қиын ғаламдық әрі терең дағдарысқа ұласып отыр. Капиталистік жүйе ендігі жерде экономиканың экспоненциалды өсуін қамтамасыз ете алмайды, бұдан былай ғылыми-техникалық прогреске тиісті жағдайды қалыптастыра алмайды. Тек теңсіздікті, байлар мен кедейлер арасындағы алшақтықты арттырып, осыған байланысты әлеуметтік қарама-қайшылықтарды тудыра бермек. Десе де бұған қарап, дағдарысты капиталистік жүйеден қол үзу, бас тарту арқылы еңсеруге болады екен деген жаңсақ ой тумауы керек. Бұл тығырықтан шығудың бірнеше жолы айтылып жүр. Экономиканың өзге моделдерін қарастыратын нұсқалардың арасында капиталистік қатынас аясындағы жкономикалық моделдерді айту,а болады. Мәселен, кейсиандық модел. Ол әлеуметтік мемлекеттің қайта бөлу тетігі арқылы тұтынушылық сұранысты ынталандыруға саяды. Осынау әлеуметтік құрылым көп ұзамай неолибералды капитализмді алмастыруы мүмкін. Бірақ, ол баянды бола ма? Гәп сонда. Орташа мерзімді перстпективада капиталистік жүйе демографиялық фактор есебінен немесе географиялық кеңею арқылы өмір сүре алмайды. Мұндай жағдайда ресурс шығыны мен өндіріске және тұтынуға қоғамдық бақылау орнатпай-ақ құрылымдық өсу мен әлеуметтік тұрақтылыққа қол жеткізуге бола ма? Бұл сауалдың жауабын біз емес, келер ұрпақ беруі мүмкін. Егер олар қоғамдық бақылауды арттыратын болса, онда капиталистік принциптер социалистік принциптерге жол бермек. Десе де соңғы уақытта ресурсты бөлу мен өндіріске бақылау орнатумен еш байланысы жоқ қандай да бір тенденцияны байқауға болады. Бұл нарықтың шегінен шығып кете беретін әсіре тұтыну экономикасы. Бүгінгі таңда әлем байлығының шамамен 20%-ын иемденген олигархтар клиенттік экономика құруда. Мұнда нарықтық байланыстың орнын жеке бастың тәуелділігі, ал нарықтағы өндірістің орнын индивидуалды тапсырыс басқан. 

0 пікір
Мұрағат