Жүргізушісісіз жүретін автокөлік экологияға қауіпті болып шықты
Жүргізушісісіз жүретін автокөлік экологияға қауіпті болып шықты
2 жыл бұрын 1177 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Argo AI / Handout / Reuters

Массачусет технологиялық институтының (MIT) білікті мамандарыбеспилотник көліктерді «атомосфераны ластаушының көзі» деп атады. Бұл жайында islam.kz порталы бұл бағыттағы зерттеу материалы жарияланған IEEE Micro мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдар беспилотник көліктер өздерін басқаратын компьютерлердің арқасында қоршаған ортаға қауіп төндіретінін дәлелдейтін модел жасады. Автокөлік компьютерлері энергияны көбірек тұтынады және атмосфераға зиянды заттардың мөл мөлшерін бөлетін болып шықты. Мақалада қазіргі уақытта әлемдегі деректер орталықтары қуатты компьютерлерді пайдалана отырып, атмосфераға бөлетін көміртегі мөлшерінің шамамен 0,3 пайызға жететіні айтылған - бұл көрсеткіш Аргентина сияқты үлкен елдің қоршаған ортаны ластау деңгейімен бірдей. Ғалымдар жолда миллиардқа жуық, өздігінен жүретін көліктердің деректер орталықтары сияқты көмірқышқыл газын түзетінін есептеді. Автономды автокөліктің атмосфераға бөлетін зиянды заттары деректер орталығының атмосфераға бөлетін күнделікті мөлшерінен асып кетуіне жол бермес үшін әрбір көлік энергияны тиімді пайдалануы және 1,2 киловатт энергияны тұтынуы қажет. Бұл норманы сақтау үшін компьютерлердің тиімділігі әр 1,1 жыл сайын екі есе артып отыруы тиіс.

0 пікір
Мұрағат