Томпақ бақа (видео)
Томпақ бақа (видео)
5 жыл бұрын 4289 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Осыдан бірер жыл бұрын үндінің батыс гата тау тізбегінен ерекше бақа табылған болатын. Ол тек түр-тұлғасымен, дене тұрқымен ғана ерекшеленбейді, сонымен қатар, ол жерастында тіршілік етуімен, тек жаңбыр жауғанда ғана шағыласатындығымен айрықшаланады. Тұмсығы үшкірлеу болып келетіндіктен торайды көз алдыңа әкеледі. Дәлірегі, аталмыш тіршілік иесін үнді және америкалық ғалымдар 2017 жылы тапқан болатын. Nasikabatrachidae («nasika» сөзі санскриттен тәржімелегенде «мұрын» мағынасын береді) тобына атқызылған бақаның атауы 2014 жылы Батыс Гатада ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізіп жүріп, бақилық болған герпетолог (герпетолог деп, бауырымен жорғалаушылапр мен қос мекенділерді зерттейтін ғалымдарды аайтады) Субраманиама Бхупатидің құрметіне Nasikabatrachus bhupathi деп аталды. Сөз орайы келіп тұрғанда айта кету керек, аталмыш бақа табылмай тұрып Nasikabatrachidae тобына Nasikabatrachus sahyadrensis деп аталатын бір ғана жатқызылып келген еді. Ол Батыс Гатаның 14 шақырымдық телімінде тіршілік етеді. Оны да ғалымдардың тапқанына көп уақыт өте қоймаған еді – 2003 ж. Бұл тіршілік иелері уақытының көбін жер астында өткізеді, сол себепті, адамдардың көзіне көп түсе бермейді. Жылына екі апта уақыттай жер бетіне шығады – муссон (қалың нөсер) кезінде шағылысу үшін. Лар азығы мен жемтігін жер астынан аулайды: ұзын тілімен термиттер мен құмырсқаларды аулап, қорек етеді. Біз сөз еткен Nasikabatrachus sahyadrensis және Nasikabatrachus bhupathi бақалары бірдей тіршілік етеді. Тек түстерінде әне генетикалық белгілерінде аздаған айырмашылық бар.

0 пікір
Мұрағат