Жануарларды агрессияға бастайтын бактерия анықталды
Жануарларды агрессияға бастайтын бактерия анықталды
2 жыл бұрын 1282 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Йеллоустоун қасқыр жобасының биологтары қасқырлардың мінез-құлқын ұзақ уақыт бақылай келе паразит жұққан қасқырлардың оғаш әрекетке баратынын байқады. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Science Alert мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Зерттеушілер қасқырлардың қанынан жануарларда қатыгездік пен тағылыққа бейімділікті тудыратын титтей паразиттің іздерін анықтаған. Токсоплазмозды қоздыратын бұл паразит барлық дерлік жылы қанды жануарларға жұғатын болып шықты. Токсоплазмоз көбінесе мысыққа тән паразит. Өйткені, аталған паразит мысықтардың организімінде ғана өсіп-өнуге қабілетті. Дегенмен, ғалымдар Toxoplasma gondii экожүйелер мен жануарлардың мінез-құлқына біз бұрын ойлағаннан гөрі тереңірек әсер ететінін анықтады. Табиғатта бұл инфекцияның көріністерін зерттеу қиын, алайда, Коннор Мейер мен Кира Кессиди бастаған Йеллоустоун Вольф жобасының биологтары табаны күректей 26 жыл бойы қасқырлардың мінез-құлқын бақылап, олардың қан құрамына мұқият талдау жүргізді, 200-ден астам тәжіибе жүргізген. Зерттеушілер аталған паразитті жұқтырған қасқырлардың қауіп-қатерге жиі бас тігетінін және үйірлерін қауіпті жерлерге, атап айтқанда, қасқырдың қас жауы пумаларға жақын бастап бару мүмкіндігі 11 есе жоғары блатынын анықтады. Сондай-ақ, бұл паразитті жұқтырған еркектері жұқтырмағандарына қарағанда үйірін тастап кету ықтималдығы екі есе жоғары болған. Салдары қандай? Токсоплазма ұрпақтан ұрпаққа берілетін болады, жыртқыштардың айналасына төндірер қатері артады.

0 пікір
Мұрағат