Жабайы жануарларға қолдан жем беруге тыйым салынды
Жабайы жануарларға қолдан жем беруге тыйым салынды
4 жыл бұрын 2583 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Жапония билігі жабайы жануарлар мен құстарға қолдан жем бергендерге 300 мың иен (2,9 мың доллар шамасында) айыппұл салады. Бұл жайында islam.kz порталы Kyodo ақпарат  агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Күншығыс елінің күн тәртібінде тұрған табиғи бақтар мен қорықтар туралы заңнамаға қатысты жобаға енгізілетін жаңа норманы ел үкіметі осы жылдың наурыз айында бекітетін болады. Мұндай бастаманы аталған арал мемлекеттің қоршаған ортаны қорғау министрілігі көтерген болатын. Аталмыш министрлік сарапшыларының айтуынша, жабайы жануарды қолдан тамақтандыру адам мен олардың арасындағы табиғи кедергіні бұзады. Бұл өз кезегінде адамға да, жабайы жануарға да қауіпті әдет. Адамнан қорқудан қалған жабайы жануарлар елді-мекендерді төңіректеп, адамға шабуы мүмкін. Екіншіден, олардың қоректік талғамы бұзылуы мүмкін, яғни, өзі аулаған жемтігінен немесе жемінен жеріп кетуі ықтимал.  Үшіншіден, масылдыққа үйреніп, жемтігін аулау дағдысынан айырылуы ықтимал. Міне, осындай себептер бойынша мұндай әдетке заң жүзінде тыйым салынатын болады. Бұл тыйым, әсіресе, аю, түлкі секілді жыртқыш жануарларға қатысты.

0 пікір
Мұрағат