Ғалымдар масаны шағу қабілетінен айырмақшы...
Ғалымдар масаны шағу қабілетінен айырмақшы...
4 жыл бұрын 2309 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Америкалық және ресейлік ғалымдардан жасақталған топ масалардың генін жинады – адамды шағу қабілетінен немесе безгек жұқтырып, ауру тарататын әдетінен айыру үшін. Бұл айында islam.kz порталы өз кезегінде Ресейдің ақпараттық технология, механика және оптика жоғарғы оқу орнының баспасөз қызметіне жөн сілтеген interfax.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Санкт-Петерборлық ғалымдар Вирджиния политехникалық және Джордж Вашингтон атындағы университеттердегі әріптестерімен бірге бұл бағытта ізденіп, масалардың генін жинады. Бұрын ғалымдар масаның бір ғана түрінің - Anopheles gambiae масасының референстік геніне ғана ие болған еді, бұл жолы африкалық масалардың екі түрінің, атап айтқанда, Anopheles coluzzii және Anopheles arabiensis масаларының геніне де қол жеткізді. Ресейдің ақпараттық технология, механика және оптика жоғарғы оқу орнының ген әралуандылығының ғылыми-білім беру орталығының қызметкері Антон Замятиннің айтуынша, масалардың гені айтарлықтай үлкен: шамамен 300 млн символдан тұрады, алайда, адамдікіне қарағанда он есе аз. Екінші жағынан, масалардың хромосомасы бар-жоғы үш жұптан, ал адамдікі – 23 жұп. Бір масадан азғантай генетикалық материал ала аласың. Сол себепті, олар барлық колониясынан материалды пайдаланған, яғни, секвенаторға көбісінің ДНҚ-сы бірден түседі. Безгек тарататын масалардың 400 түрі бар екен, алайда, олардың тек 30-ы ғана нағыз ауру таратушылар (паразит тасымалдаушылар) болып табылады. Безгекті Plasmodium паразиті тудырады, ол адамға масаның шағуынан жұғады. Аурумен күресу үшін масалардың тасымалдаушылары мен олардың қауіпсіз «туыстарының» қоректену тәртібінде генетикалық деңгейдегі айырмашылықтардың қалай қалыптасатынын түсіну маңызды, деп есептейді ғалымдар.

Осыдан 9 ай бұрын ғалымдар сары безгек масасының ұрғашысын генетикалық манипуляция арқылы еркегіне айналдыратын тәсіл пайда болған еді. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған PNAS мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қазақстанның солтүстігі мен Ресейдің оңтүстігінде кездесетін Aedes aegypti масасы денге, сары безгек, Зика безгегі, чикунгун, т.б. ауруларды тарататын қауіпті жәндік. Аталған масаның популяциясын азайту мақсатында Virginia Tech (Виргиния политехникалық университетіғ АҚШ) ғалымдары жәндіктің геніне үңілген болатын – адамға щабуылдамайтын қауіпсіз жәндікке айналдыру мақсатында. Личинканың не еркекке , не ұрғашысына айналуына масаның еркегінде ғана кездесетін М-локусы жауапты. Аталмыш локус 30 генді қамтиды. Тіпті, болашақта пайда болатын ұрғашысының ДНҚ-да бұл локус болмаған күннің өзінде оның бір гені жеткілікті оның «жынысын» ауыстыруға. Бұл ген Nix деп аталады. Егер оны масаның ұрғашысының организіміне енгізетін болса, ол ұрпақ өрбітуге қабілетті еркегіне айналады. М-локусы тұқым қуалайтындықтан дүниеге масалардың еркегі келетін болады. Мұндай тәсілмен ұрғашыдан еркегіне айналдырылған масаның қанаты болмайды. Осыған қарамастан ол қрпақ өрбіту қабілетін сақтап қалады, алайда, зерттеу барысында шын ұрғашысы «жасанды» еркегімен шағылысуы үшін оны ұйықтатын дәрімен дәрілеуге тура келген. Бұған қоса, ұрықтануы үшін оның геніне myo-sex генін қосуға тура келген еді. Нәтижесінде еркегіне қанат біткен. Өкінішке қарай, мұндай процедура масаның тек бір түріне ғана жарайды. Десе де олардың популяциясын азайту үшін осының өзі үлкен қадам болмақ.

0 пікір
Мұрағат