Ислами интернаты ең көп ел (фото)
Ислами интернаты ең көп ел (фото)
5 жыл бұрын 4164 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Әлемдегі мұсылмандар ең көп шоғырланған Индонезияның білім беру жүйесіндегі тұрмысы төмен отбасылардан шыққан балалардың білім алудың жалғыз мүмкіндігі дәстүрлі мектеп-интернат – песантрен. Аталмыш ел аумағында ұзын саны 28000 песантрен тіркелген. Олардың бәрі дін істері жөніндегі министрлікке қарайды. Десе де ресми дерек көзі бойынша мұндай интернаттардың саны 40 мыңға дейін жетеді.  

Мұхаммед Реза түннің бір уағында, дәлірегі, 3-те тұрып, мешітке барып, таң ағарып атқанша құлшылық етеді, таңғы сағат 6-ға дейін Құран оқиды, жетіде сабағына қатысып, математика, тарих, химия пәндерін зерделеп, ағылшын тілін үйренеді. Түскі үзіліс пен түскі ұйқыдан соң кешкі сағат сегізге дейін созылатын діни бағдарламаны еңсереді. Шамамен 22.00-де жатақханаға оралады. 17 жастағы Мұхамед Реза Жакарта қаласының батысында орын тепкенКебон Жерук ауданында Нұр Мұхаммед Ескендір 1985 жылы негізін қалаған Ас-Сиддикия песантренде «сантри» ретінде тұрып жатқанына 5 жылдың жүзі болған. Бұл жерде жасы 12-ден 18-ге дейінгі 900 ұл мен қыз бала бөлек оқиды. Оларға 150 мұғалім дәріс береді. Ислами интернаттың өз кітапханасы мен спортзалы, асханасы бар. Мұндай ислами интернат түлектерін барлық саладан кезіктіруге болады: кәсіпкер, саясаткер, депутат, өндіріс жұмысшысы, сәулетші, ғалым, т.б. Бұл елде песантрен тек ислам әрі зайырлы білім беретін оқу ордасы ғана емес, сонымен қатар, ислами құндылықтарды сақтаушы әрі жаюшы мәнге ие мәртебелі орын. Біз сөз еткен Ас-Сиддикия песантрен «Нахдатул Улама» («Ғұламалардың өрлеуі») деп аталатын, 1926 жылы уахабизмге қарсы тұру мақсатында құрылған Индонезиядағы ең ірі мұсылман ұйымымен байланысты. 1980-ші жылдары аталған ел аумағында сәлафшылардың песантрендері пайда бола бастады. Мұндай интернатта Саудиядан және Йеменнен білім алып келгендер дәріс беретін. Мәселен, Жакарта қаласының оңтүстігінде орын тепкен Бунчит-Рая гүлзарындағы 1980 жылдан бастап, «Индонезияны арабтандыру» символына айналған ғимаратта үш мың бес жүз студент уахабщылардың тегін дәрісіне қатысып жүр. Ерлер бөлігінде жүріп жатқан дәріс келесі қабаттағы бет-аузын тұмшалап, шымқай қара бүркенген әйелдерге экран арқылы трансляцияланады. Олардың идеологиясына қарсы тұру үшін ислами интернаттың мүмкіндігі пайдаланылуда.

Картинки по запросу Песантрен

Картинки по запросу Песантрен

Картинки по запросу Песантрен

Похожее изображение 

Картинки по запросу Песантрен

Картинки по запросу Песантрен

Картинки по запросу Песантрен

Картинки по запросу Песантрен

Картинки по запросу Песантрен

Картинки по запросу Песантрен

Картинки по запросу Песантрен

Картинки по запросу Песантрен

Картинки по запросу Песантрен

Картинки по запросу Песантрен

Картинки по запросу Песантрен

Картинки по запросу Песантрен

Картинки по запросу Песантрен

Картинки по запросу Песантрен

Франсуа Д’Алансона, LaCroix материалы негізінде ықшамдалып алынды.

0 пікір
Мұрағат