Хакерлер биометриялық мәліметтерді қалай ұрлап, қандай арам мақсатына пайдаланады
Хакерлер биометриялық мәліметтерді қалай ұрлап, қандай арам мақсатына пайдаланады
3 жыл бұрын 1618 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Киберқарақшылар адамдардың биометрикалық мәліметтерін қолды қылатын түрлі технологиялық арсеналға ие. Оның көмегімен персоналды деректерді ұрлап, ақша табу, бопсалау, арандату, сату, т.б. арам мақсаттарын жүзеге асыра алады. Ресейлік сөз технологиясы орталығының компаниясының өкілі Дмитрий Дырмовский «Жаңалықтар» ресейлік ақпарат агенттігіне берген сұхбатында хакерлердің адам даусы мен жүзін қалай ұрлайтынын айтып берді. Бұл жайында islam.kz порталы аталған ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. «Адам бет-жүзінің биометрикасын қолды қылу үшін фото, видео, көзге арналған тесіктері бар қағаз маска, көлемді, силикон, 3D-маскасын пайдаланады. Бет-жүз биометриясын қорғау үшін liveness detection — тірі пайдаланушыны анықтауға арналған тетікті пайдаланылады. liveness detection-ның түр-түрі бар: белсенді (кооперативті) – пайдаланушыдан біз бір нәрсе істеуді сұрағанда және оны қалай орындайтынын қарағанда пайдаланылады; пассивті (кооперативтік емес) – бізге шынайылығына сендіргісі келгенде параметрлер жиынтығын фондық режимді сараптаған кезде пайдаланылады»,- деп түсіндірді Дмитрий Дырмовский. Осылай деген ол дауыс биометриясын хакерлердің қалай қолды ететініне тоқталды: киберқылмыскерлер әдетте адамның даусын таспаға жазып алады немесе қолдан жасайды (бұл техникалық жағынан мейлінше күрделі операция). Мұндай шабуылдың жасалғанын  анықтау үшін қолды болудан қорғайтын Antispoofing технологиясы қолданылады. Сөзінің соңында маман осы заманғы озық технология хакерлерге лайықты тойтарыс беруге, қорғануға мүмкіндік беретінін алға тартып отыр.

Ұқсас материалдар:

«Хакерлік шабуылдан адам өлді» (https://islam.kz/kk/news/alem/hakerlik-shabuyldan-adam-oldi-15835/#gsc.tab=0);

«ХХІ ғасыр қарақшыларына қарсы аса қуатты қорғаныш құралы жасалды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/hhi-gasyr-qaraqshylaryna-qarsy-asa-quatty-qorganysh-quraly-jasaldy-15270/#gsc.tab=0);

«Киберқауіпсіздік шығыны артып келеді» (https://islam.kz/kk/news/alem/kiberqauipsizdik-shygyny-artyp-keledi-11668/#gsc.tab=0);

«Виртуалды кеңістіктегі қылмыс бой бермей барады» (https://islam.kz/kk/news/alem/virtualdy-kenistiktegi-qylmys-boi-bermei-barady-9970/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат