Болашақтағы ұшақтың прототипі сағатына 400 шақырым жылдамдықпен ұшады (видео)
Болашақтағы ұшақтың прототипі сағатына 400 шақырым жылдамдықпен ұшады (видео)
2 жыл бұрын 1618 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

LEO Flight компаниясы LEO Coupe (LX-1) альфа нұсқасын көрсетті. Болашақта ол 200 бұрандаға ие болады. Бұл жайында islam.kz порталы leoflight.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. LEO Coupe (LX-1) шын мәнінде eVTOL, электрлік VTOL көлігі болып табылады. LEO Flight компаниясы рендерлерді жариялап қана қоймай, болашақтағы ұшақтың алғашқы прототипін де жасады. LX-1-дің эксперименттік прототипінің дизайны соншалықты әсерлі дей алмайсың. 72 шағын тік бұрандалары бар төрт блоктан тұратын электр стансасын сынау үшін үлкен алюминий жақтау қажет. Сондай-ақ, оның артында екі үлкен желдеткіш бар, олар прототипті аздап көлденең тартумен қамтамасыз етеді. Аталған ұшақ бір ұшқанда (заряды) 483 шақырымда еңсере алады, сағатына 400 шақырым қашықтықпен ұша алады. LEO Coupe-нің түпкілікті нұсқасы әрбіреуінің диаметрі 11 сантимтер болатын, 5,3 келілік тарту күшін дамытатын, жалпы салмағы 1043 келіден асатын 200 шағын винтпен жабдықталады. Бос ұшақтың салмағы 499 келі тартады және 231 келі пайдалы жүкті көтере алады. Сонымен қатар, ұшақ айтарлықтай ықшам келеді, оның өлшемдері 3 × 6 м болады. LEO Coupes өлшемі оны әуе таксиі немесе шектеулі кеңістіктегі кез келген жерге қонуға болатын жеке көлік ретінде пайдалануға мүмкіндік береді. Ұшқышты қоса алғанда кабинаға үш ересек адам сыяды. Сонымен қатар, ұшақта үйренуге оңай жартылай автономды басқару жүйесі бар.

 

Ұқсас материалдар:

«Лос-Анджелестен Токиоға дейін бір сағатта ұшып жететін ұшақ құрастырылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/los-andjelesten-tokioga-deiin-bir-sagatta-ushyp-jetetin-ushaq-qurastyryldy-video-16930/#gsc.tab=0);

«Дыбыстан жылдам ұшақ протоипі» (https://islam.kz/kk/news/gylym/dybystan-jyldam-ushaq-protoipi-video-16783/#gsc.tab=0);

«Ұшақ алғаш рет өсімдіктен алынған маймен ұшты» (https://islam.kz/kk/news/gylym/ushaq-algash-ret-osimdikten-alyngan-maimen-ushty-video-16585/#gsc.tab=0);

«Дыбыс жылдамдығымен ұшады десе де болатын, суға да қона алатын амфибия ұшақ» (https://islam.kz/kk/news/gylym/dybys-jyldamdygymen-ushady-dese-de-bolatyn-suga-da-qona-alatyn-amfibiya-ushaq-video-16369/#gsc.tab=0);

«Сутегімен жүретін гипердыбысты ұшақ сағатына 15 мың шақырым қашықтықпен қозғалады» (https://islam.kz/kk/news/gylym/sutegimen-juretin-giperdybysty-ushaq-sagatyna-15-myn-shaqyrym-qashyqtyqpen-qozgalady-video-16305/#gsc.tab=0);

«Оқ тәрізді ұшақ лайнерге қарағанда отынды 80%-ға үнемдейді» (https://www.islam.kz/kk/news/gylym/oq-tarizdi-ushaq-lainerge-qaraganda-otyndy-80-ga-unemdeidi-video-16069/);

«Электрмен ұшатын африкалық ұшақтың артықшылығы» (https://islam.kz/kk/news/gylym/elektrmen-ushatyn-afrikalyq-ushaqtyn-artyqshylygy-video-16162/#gsc.tab=0);

«Қанатына жолаушылар мінетін ұшақ» (https://islam.kz/kk/news/arturli/qanatyna-jolaushylar-minetin-ushaq-video-11957/#gsc.tab=0);

«Әлемдегі ең алып ұшақ сынақтан сәтті өтті» (https://islam.kz/kk/news/arturli/alemdegi-en-alyp-ushaq-synaqtan-satti-otti-video-9392/#gsc.tab=0);

«Күн батареясымен жұмыс істейтін ұшақ алғаш рет төрткүл дүниені шарлап шықпақ» (https://islam.kz/kk/news/madeniet/kun-batareyasymen-jumys-isteitin-ushaq-algash-ret-tortkul-dunieni-sharlap-shyqpaq-foto-1806/#gsc.tab=0);

«Апат болған жағдайда жолаушыларды аман алып қалатын ұшақ құрастырылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/apat-bolgan-jagdaida-jolaushylardy-aman-alyp-qalatyn-ushaq-qurastyryldy-4129/#gsc.tab=0) 

0 пікір
Мұрағат