Бизнес өз өнімдерін адамның түсінде жарнамалағысы келеді
Бизнес өз өнімдерін адамның түсінде жарнамалағысы келеді
3 жыл бұрын 1881 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Science Magazine мерзімді басылымы түс көру құпиясына үңілген, яғни, түстің түрлі аспектілерін зерттеумен айналысатын 40 ғалымның ашық хатын жариялады. Бұл жайында islam.kz порталы sciencemag.org ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Онда заң шығарушы органдар мен билікті салдарының неге апарып соқтыратыны белгісіз бұл бағыттағы технологиялық талпынысқа назар аударуға шақырған. Нақтырақ әрі тарқатып айтсақ, бұл арада әзірге жасалу үстіндегі, соған қарамастан тәжірибесі жүргізіле бастаған «түс көрудің заттық инкубациясы» деп аталатын технология (TDI) жөнінде сөз болып отыр. Аталмыш технологияға аса ірі бизнес мүдделілік танытып отыр – өздерінің өнімдерін адам ойында да жарнамалау үшін. TDI туралы жарияланымдардың көбісі бұл технологияны көңіл көтеру деңгейінде ғана көріп отыр, алайда, бұл аталмыш технологияның қаншалықты қауіпті екенін бүркемелейтін дүниелер. TDI технологиясы әуел баста адам миына нақты ой мен түсті енгізуге бағытталғанын айта кету керек, осылайша оның әрекеттерін, талғамын, талабын басқаруды көздейді. Бұл технология бірыңғайда аса жоғары технологиялы гипнозға ұқсайды. Мұндай технологияны қолданудың үлгісі ретінде бүгінде сыра өндіретін Molson Coors корпорациясының жобасын атауға болады. Аталмыш компания бұл бағыттағы жобасын Супер кубок алдында жүзеге асырып көрген екен. Тәжірибеге өз еркімен қатысқандарға ұйықтататын дәрі беріп, ұйықтар алдында тау суы мен сарқырама, көл және Molson Coors сырасы туралы видеороликті көрсеткен. Оларды ұйқысынан оятып алып, түсінде не көргенін сұраған. Тәжірибеге қатысушылардың көбісі түсінде сыра ішкендерін жеткізген. Осылайша бизнес өкілдері теледидар мен өзге де бұқаралық ақпарат құралдарын, әлеуметтік желіні қанағат тұтпай, енді адамның түсіне еніп, өз өнімдерін жарнамалақшы. 

0 пікір
Мұрағат