Батпақтың жердегі көмірқышқыл газының 20%-дан астамын жинап, сақтайтынын белгілі болды
Батпақтың жердегі көмірқышқыл газының 20%-дан астамын жинап, сақтайтынын белгілі болды
3 жыл бұрын 3117 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Бұл бағытта арнайы жүргізілген зерттеу нәтижесі көрсеткендей, сортаң (тұзды) және тұшшы сулы батпақ алқаптары жер бетінің тек 1% аумағын алғанымен жаһандық жылынуға себеп болып, адамзатқа қауіп төндірген атмосферадағы көмірқышқыл газының 20%-дан астамын сіңіріп, сақтайтын болып шықты. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Science мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Голланд ғалымдары бұрынғы зерттеулердің деректерін жинақтап, сараптамадан өткізген екен. Батпақ орман мен мұхиттан кейінгі орында тұр көмірқышыл газын сіңіруде. Десе де бір шаршы метрге есептегенде сулы-батпақты жерлерде орман-тоғайға қарағанда шамамен бес есе және мұхиттарға қарағанда 500 есе көп көмірқышқыл газы бар екені анықталды. Орман мен мұхиттың мүмкіндігіне қарағанда батпақты-сулы аумақтың мұндай пропорционалды емес үлесі өз кезегінде аудан көлеміне шаққанда көмірқышқыл газын сіңірудің жоғары қарқынымен әрі оны сақтаудың тиімді жүйесімен байланысты. Батпақты-сулы өңірдің көміртекті сіңірудегі мұндай артықшылыққа ие болуының сыры – бір-біріне жақын өсетін өсімдіктерден қалыптасатындығында жатыр. Яғни, жер үстінен әрі астынан бір-бірімен тығыз шырма-шату байланысқан тамырлары қоректік заттарды аулап, топырақты құрғап кетуден әрі эрозиядан сақтайды, бұл өз кезегінде өсімдіктің жақы өсіп-өнуіне де көмектеседі. Ал топырақ қабаты көміртек диоксидінің мол мөлшерін қамтитындай қалыңдай береді. Ғалымдар батпаққа тән тағы процестің маңызына тоқталып өтті: батпақтың беткі жағындағы мүк сорғы секілді әрекет етеді – жауын суын сіңіреді, ал су астындағы мүктің өлі аймағы топырақтың құрғап кетуінің, көмірқышқыл газының атмосфераға қайта шығуының алдын алады. Батпақ бетіндегі мүк неғұрлым қалыңдаған сайын көмірқышқыл газын соғұрлым мол сіңіретін болады. Дегенмен ғалымдар дабыл қаққандай, жаһандық жылынуға байланысты , сонымен қатар, ауыл шаруашылығы үшін тың өлкелерді игеру мен орман-тоғайдың оталуына байланысты сулы-батпақты өңірлердің ауқымы мен аумағы тарылып келеді, дәлірегі, құрғап жатыр. Дәлірегі, жыл сайын сулы-батпақты аумақтың шамамен 1%-ы құрғап кетуде. Аталмыш зерттеуге атсалысқан Дьюка университетінің теңіз ортасын сақтауға жауапты биология профессоры Брайан Р. Силлиманның айтуынша, бұл сулы-батпақты жерлер құрғаса, көмірқышқыл газының көп мөлшерін шығарады, бұл жыл сайынғы жаһандық атмосфераға бөлінетін көмірқышқыл газының шамамен 5% құрайды. Жүздеген, тіпті, мыңдаған жылдар бойы сақталған көміртегі жаһандық жылынудың қарқынын арттырып, апатқа ұрындырады.

Ұқсас материалдар:

«Сулы-батпақты бақтардың аумағы кеңейтіліп келеді» (https://islam.kz/kk/news/arturli/suly-batpaqty-baqtardyn-aumagy-keneitilip-keledi-14693/#gsc.tab=0);

«Күллі әлем қуаңшылыққа бет алып барады» (https://islam.kz/kk/news/alem/kulli-alem-quanshylyqqa-bet-alyp-barady-10897/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат