Ауруды басатын дәрі-дәрмекті қарағайдан әзірлей бастады
|
Бат университетінің ғалымдары қағаз өнеркәсібінің қалдығынан, дәлірегі, қарағай ағашында кездесетін заттан әлемдегі ең танымал екі ауруды басатын дәрі – парацетамол мен ибупрофен жасаудың жолын тапты. Бұл жайында islam.kz порталы ChemSusChem мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Әдетте дәрі-дәрмек шикі мұнайдан алынған химиялық прекурсорлардан жасалады. Болашақта әлем қоршаған ортаға зиянды болғандықтан мұнай ресурстарынан бас тартады. Міне, осыны ескерген ғалымдар дәрі-дәрмек шикізатын өзге көздерден іздеуге көшуде. Бұдан бөлек, сарапшылардың пікірінше, фармацевтикада мұнайды пайдалану атмосфераға көмірқышқыл газының бөліуне ықпал етіп қоймайды,, сонымен қатар, бағаның ауытқуына әкеледі, өйткені, бұл сала мұнай қоры бар елдердегі геосаяси жағдайға өте тәуелді. Білікті мамандар скипидардың құрамдас бөлігі - биожаңартылатын β-пиненнен бірқатар фармацевтикалық прекурсорларды өндіру технологиясын әзірледі. Бұл бағыттағы тәжірибе барысында қосылыс парацетамол мен ибупрофенге айналдырылды. Сонымен қатар, бірқатар басқа заттарды синтездеу мүмкін болған: бета-блокаторларды өндіру үшін қажет 4-гидроксиацетофенон; сальбутамол, демікпеге қарсы ингаляторлар үшін қажет, сондай-ақ, парфюмерия мен тазалау құралдарында кеңінен қолданылатын басқа қосылыстар алынды. Аталмыш технологияның қазіргі түрінде алынған өнімдер мұнай негізіндегі шикізатқа қарағанда қымбатқа түсуі мүмкін, алайда, тұтынушылар толығымен өсімдік ингредиенттерінен жасалған экологиялық таза дәрі-дәрмек үшін ақша аямайды.