Әуесқойлық әдептен аттаған әдетке айналып барады
|
Адам қиын жағдайға тап болғанда алдымен оған көмек қолұшын созып, көмектесудің орнына телефондарына жармасатындар, яғни, қиын сәтке тап болған адамды таспаға тартып алу әдетке айналып барады. Өйткені, әуесқойлардың ұғымынша, мұндай жағдай сирек болады, адамның басындағы жағдайды сол үшін тезірек таспаға тартып алғанды жөн санайды. Қоғамдық орында орын алған оқыс оқиғаны таспаға тартып алу қалыпты көрініске айналған. Тіпті, бұл әдепкі іс саналатынын қайтерсің. Ол ол ма, қоғамдық орындағы жағдайды таспаға тартып алуға тыйым салынбаған. Өйткені, бұл сөз бостандығына қайшы. Оны өзі үшін түсірсе, бір сәрі, көбісі әлеуметтік желіге жүктеп, жариялап жатады. Бұл таспаға тартып алынған адамға құрметсіздік, оның жеке басының құпиясына қол сұқанмен бірдей айып. Кей елдерде бұл үшін арнайы жаза қарастырылған. Сондай-ақ, қоғамдық орын болса да дәретханада жасырын таспаға тартып алуға болмайды. Мәселен, Германияда қиын жағдайға тап болған адамның сол сәтін таспаға тартып алу адамның жеке басының өміріне қол сұғумен бірдей саналады. Ол үшін айыппұл қарастырылған. Тіпті, екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы да қолданылады. Таспаға тартып алған адам ақпаратты өзгелерге таратты ма, жоқ па, ол жағының маңызы жоқ. Полиция, тіпті, керек десеңіз, таспаға тартып алушының қалта телефонын тартып алуға, тәркілеуге құқылы. Бұдан бөлек, жолда көлік апаты болды делік, тәртіп сақшылары апатқа ұшараған көліктің жанынан өтіп бара жатқан автокөліктегілердің болған жағдайды таспаға тартып алмауын қадағалайды. Мәселен, автобуста адам талмасы ұстап қалды делік, оның бұл сәтін таспаға тартып алу адамның жеке басының құпиясына қол сұғу саналады. Өйткені, адамның әлсіз кезін, осал тұсын таспаға тартып алу ретінде қабылданады. Әуесқойлар құтқару қызметкерлерінің жұмысына да кедергі келтіреді. Хал үстінде жатқан адамның өмірін құтқару үшін жанталасады. Полиция оқыс оқиға орын алған орынды қоршап тастауы мүмкін, алайда, оны таспаға тартып алуына тыйым сала алмайды. Тек полицияның қызметіне бөгет жасамаса, болғаны. Егер қиын сәтке тап болған адамға құтқарушылар дер кезінде келе алмаса, онда оған қолұшын созуы тиіс адам жапа шегушіге көмектеспей таспаға тартып алу үшін телефонымен әуре болып кетсе, жауапкершілік сол адамға жүктеледі. Жазатайым оқиғаның алдын алуға немесе зардабын жоюға талпынбауы оны жазадан құтқара алмайды. Десе де әуесқойлықтың да пайдасы бар: тергеу, тексеру кезінде әуесқойлардың түсіріп алғаны көп көмектесіп жатады. Қоғамдық орындарды билік өкілінің әрекеті қаншалықты заңды екенін білу үшін таспаға тартып алып жатқанда тәртіп сақшысына кенеттен шабуыл жасалса, полициядан жәбірленушіге айналған адамға қастандық жасағандарды табуға көмектеседі.