Асқазанға орнатылатын үрленген шар тұтынылатын тағамның мөлшерін 60 %-ға дейін азайтуға мүмкіндік береді (видео)
|
Массачусет технологиялық институтының ғалымдары (Америка құрама штаттары) OSIRIS жүйесін жасап шығарды - ол асқазанға арнайы ауа шарларын орнату арқылы салмақ жоғалтудың ескірген технологиясын ауыстыруы тиіс. Оның негізгі кемшілігі — дене үнемі үрленген аэростаттың болуына үйренеді және 3-4 айдан кейін тоқтық сезімі жоғалып кетеді. Рецепторлар қайтадан миға «ашығу» туралы сигнал жібере бастайды. Бұл жайында islam.kz порталы techcult ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл олқылықты жою үшін ғалымдар баллонды үрленетін әрі солатындай етіп жасауы тиіс. Әдеттегі уақытта ол үрленген күйінде болады, соған қарамастан асқазанды жаншымайды, яғни, жайсыздық тудырмайды, ал ауқаттанған кезде ол ұлғаятын болады. Осыдан барып организмде тоқтық сезімі пайда болады, яғни, артық салмақ қосатындай мөлшерде тамақтануға жол бермейді немесе күпті болғанша ас қабылдауды тияды. Мұндағы қиындық баллонды реттеу тетігінде жатыр – шарды газдан босатып, содан кейін оны қажет кезінде толтыру керек: ол үшін белгілі бір құрылғы қажет. Мұндай құрылғының рөлін эндоскопиялық гастростомия атқара алады (ол өңеш қатты зақымданған және өз аузымен тамақтана алмайтын адамдарды қоректендіру үшін қолданылады). Жіңішке түтік асқазанға кіріктіріледі және ол арқылы қорек беріледі; дегенмен, мұндай жүйелер белгілі бір қолайсыздықтар туғызады. Десе де әлемнің көптеген елінде мемлекет қазынасына және денсаулық сақтау жүйесіне орасан зор салмақ салып отырған семіздік індетімен күресуде мұндай құрылғылардың пайдасы тиіп қалатыны айтылған. Технология жетілдіріледі.