Аса қауіпті жануарлар мен өсімдіктер әлемде тез таралуда – ғалымдар дабыл қаға бастады
Аса қауіпті жануарлар мен өсімдіктер әлемде тез таралуда – ғалымдар дабыл қаға бастады
1 жыл бұрын 977 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Өсімдіктер мен жануарлардың инвазиялық түрлері бүкіл әлемде «айтарлықтай жылдамдықпен» таралуда. Бөгде түрлер экожүйелерге қауіп төндіріп қана қоймайды, сонымен қатар, адам денсаулығы мен өміріне зиян келтіруі мүмкін. Бұл жайында islam.kz порталы "Independent" ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдар бөтен түрлердің қоршаған ортаға қаптауынан келетін экономикалық шығынды жыл сайын кем дегенде 423 миллиард долларға бағалап отыр. Бұл көрсеткіш 1970 жылдан бері әр он жыл сайын төрт есе өскен. Дегенмен, сарапшылар бұл тек су бетінен көрінетін «айсбергтің ұшы» деп санайды, яғни, нақты салдардың аз ғана бөлігі. Адамдар тарапынан қасақана немесе кездейсоқ түрде экологиялық жүйеге индукцияланған жануарлар, өсімдіктер және басқа организмдер сияқты бөтен түрлер инвазивті түрлерге жатқызылады. Алайда, олардың барлығы бірдей жергілікті биологиялық әр алуандылыққа қауіпті бола бермейді. Бүгінде ғалымдар 37 000-ға жуық бөгде түрді тіркеп үлгерді, оның 3500-і нағыз инвазиялық түрге айналған. Олар планетаның барлық құрлығында, соның ішінде Антарктидада таралған және биологиялық әралуандылықтың жоғалуының негізгі себептерінің біріне айналған. Су гиацинті әлемдегі ең көп таралған инвазивті түрлердің біріне жатады. Содан кейін қара егеуқұйрық пен «арлекин күн» деп аталатын жәндік кеңінен тараған. Кейбір түрлердің жаңа аймаққа енгеннен кейін бірнеше жылдан кейін қауіпті түрге айналатынын айта кету керек, яғни, бірден зиянын тигізбейді, бұған жылдар кетеді. Атлмыш зерттеуге атсалысқан британдық экология және гидрология орталығының профессоры Хелен Рой экожүйелерді қорғау үшін жаңадан келген түрлерді ерте анықтау және жедел әрекет етудың маңызы зор екенін алға тартып отыр.

0 пікір
Мұрағат