Антибиотиктерді ПЭТ құтысындағы сумен ішудің қандай қауіп төндіретіні анықталды
|
Ғалымдар пластик құты құрамындағы заттардың антибиотикті организмнің сіңіру қабілетін шектейтінін анықтады. Бұл жайында islam.kz порталы Scientific Reports мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бір литрлік ПЭТ (полиэтиленгликольтерефталат) құтысындағы судың құрамында 240 мың данаға дейін микропластик кездеседі. Олар адамның қанға өтіп, қабынуды тудырады. Бонн университетінің химиктері жылдан жылға адам организімінде жинақталған микро және нано пластиктер түбінде дәрі-дәрмектің тиімділігін азайтып, науқастың сырқатынан айығу процесін қиындата түсетінін алға тартып отыр. Ғалымдар тетрациклиннің пластиктің түрлерімен, соның ішінде полиэтиленмен, полипропиленмен, полистирунмен және нейлонмен өзара қалай әрекеттесетінін зерттеп көрген екен. Бұл тараптағы тәжірибе барысында ғалымдар антибиотиктердің нейлонмен көп әрекеттесетінін анықтады, киімнің беткі жағындағы мұндай бөлшектер тыныс алу арқылы адам организіміне енеді.