Адамды көрінбейтін ететін технология пайда болды
Адамды көрінбейтін ететін технология пайда болды
3 күн бұрын 568 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Қытай ғалымдары қоршаған ортаның жарығына байланысты молекулалық деңгейде түсін өзгертетін материал жасап, адамдарға хамелеон сияқты құбылатын, яғни, айналадағы нәрселердің түсін қабылдайтын, жасырынуға көмектесетін бүркеніштің бір түрін жасады. Бұл жайында islam.kz порталы South China Morning Post ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бірегей жобаның жетекшісі Уан Дуншеннің айтуынша, бұл технологияны киімге қолданса, адамды сырт көзге көрінбейтін етеді. Ал Қытайдың электрондық ғылым мен технология университетінің ғалымдары аталмыш инновация әскери салада, сәулет өнерінде, т.б. пайдаланудың болашағы зор. Айрықша материалдың түрленуіне жарық толқынының белгілі бір әсерінен құрылымын өзгертетін молекулалық қосылыс себеп болмақ. Табиғатта хамелеон мен сегізаяқ жауынан жасырыну үшін, яғни, жыртқыштарға жем болмасы үшін қлоршаған ортаның түсіне еніп, жасырына алады. Ал жасанды жүйе мұндай эффектіні әдетте үлкен энергия шығынын қажет ететін әрі пайдалану уақыты шектеулі электрлі құрылғы арқылы жұмыс істейді. Ал қытай ғалымдарының бұл технологиясы сыртқы қуат көзін қажет етпейтіндіктен тиімді әрі қарапайым. Мейлінше аз уақытта қоршаған орта түсіне енуге көмектеседі. Материал авторлары «өзін-өзі бейімдеуші фотохромизм» деп атаған жаңа технология бойынша қоршаған орта түсіне ену пассивті режимде, ешбір энергия шығынынсыз жүзеге асады. Анық та қанық өсімдіктермен жасалған тәжірибеде бұл процесс небәрі 30-80 секунд уақытты алған. Материал өте берік, негізгі қасиеттерін жоғалтпай -20-дан +70°С-қа дейін температураның өзгеруіне төтеп береді.

0 пікір
Мұрағат