Ядролық қаруға ие елдер Нобел сыйлығына байкот жариялады
Ядролық қаруға ие елдер Нобел сыйлығына байкот жариялады
7 жыл бұрын 3606 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Бірден айтайық, АҚШ, Ұлыбритания және Франция билігі өздерінің елшілері бейбітшілік саласы бойынша берілетін Нобел сыйлығын тапсыруға арналған салтанатты шараға қатыспайтынын ресми мәлімдеді. Бейбітшілік саласы бойынша берілетін Нобел сыйлығы ядролық қарудың жойылуы үшін халықаралық науқанға қатысқандарға тапсырылады. Ядролық қаруға ие тоғыз елден тек Ресей Федерациясы ғана Нобел сыйлығын тапсыру рәсіміне қатысатынын мәлімдеді. Сондай-ақ, «ядролық клубқа» ресми мүше емес Израил де желтоқсан айының 10-ы күні Осло қаласында өтетін салтанатты шараға қатысты. Сөз орайы келгенде айта кету керек, ядролық қарудың жойылуы үшін халықаралық науқан (International Campaign to Abolish Nuclear Weapons, ICAN) 2007 жылы Мельбурн қаласында бастау алған болатын. Нәтижесінде Ядролық қаруға тыйым салу туралы келісім-шартқа (Treaty on the Prohibition of Nuclear Weapons, TPNW) өткен жаз мезгілінде қол қойылды. Ядролық қаруды таратпауды және жоюды қарастыратын аталмыш келісім-шартты Біріккен Ұлттар ұйымына мүше 122 мемлекет мақұлдаса да, осы уақытқа дейін тек 53 ел ғана қолдарын қойған. Келісім-шарт кем дегенде 50 мемлекет ратификациялағанда ғана заңды күшіне енеді. Әзірге Гайана, Ватикан және Таиланд қана ратификациялаған. Бұл келісім-шартқа қолдарын қойғандар қандай жағдай болмасын, ядролық қаруды қолдануға, жасауға және жинауға, сынақтан өткізуге, таратпауға міндетті. Осынау құжатта, сонымен қатар, ядролық қаруды өзге елдің аумағында орналастыруға да қатаң тыйым салу қарастырылған. Бірден айта кету керек, «ядролық тоғыздық» бұл келіссөзден бірден іргелерін аулақ салды. БҰҰ аталған құжат мәтінін мақұлдап, бекіткеннен кейін екі сағаттан соң АҚШ, Ұлыбритания және Франция біріккн мәлімдеме жасады. Келісім-шартқа осылмайтындары турасында. Аталған державалардың айтуынша, бұл келісім-шарт қауіпсіздік саласындағы халықаралық жағдайдың нақты шындығы толық ескерілмеген. Сондай-ақ, 70 жыл бойы Еуропа мен Солтүстік Азиядаға қауіпсіздікті қамтамасыз еткен ядролық ұстамдылық саясатымен ұштаспайтынын алға тартып отыр. Аталған үш мемлекет қана емес, сонымен қатар, Солтүстік әскери альянс та бұл келісім-шартпен келіспейтіндерін жария етті. НАТО жетекшілерінің айтуынша, бұл келісім-шарт ядролық қаруды таратпау жөніндегі келісім-шартқа қайшы келеді әрі МАГАТЭ-ның кепілдік режимін бұзады. Келісім-шартқа қарсылардың қатарында, тек ядролық қаруға ие елдер мен әскери одақтар ғана емес, сонымен қатар, ядролық қару қаупінен азат, яғни, кепілдігі бар Оңтүстік Корея, Жапония, Австралия да бар. 

0 пікір
Мұрағат