Түрлі дерек көзінен: Түркия Қазақстан қаруларының сынақтан өтпегенін жазуда
Түрлі дерек көзінен: Түркия Қазақстан қаруларының сынақтан өтпегенін жазуда
3 жыл бұрын 1429

Түркияның TUBİTAK SAGE орталығының директоры Гүржан Окумуш түріктердің 2023 жылы "Гөкхан" дейтін әуе-әуе класындағы зымыранын сынақтан өткізетінін, қазір GÖKTUĞ жобасы бойынша Gökdoğan және Bozdoğan дейтін екі зымыран сынақтан өтіп жатқанын айтыпты. Олар да әуе-әуе класына кіреді екен.F-16 block 50+ ұшағынан атып та көріпті екеуін. Нысанаға дәл тиген деседі.

Ал біздің "Қазақстан Парамаунт инжиниринг" жасаған "Барыс 8×8" бронды көлігінің сынақтан өтпегені, тіпті "Арланның" да талапқа сай болмай қалғаны жайлы ақпарат түрік медиасына да жетіпті. Тіпті Құрлық әскерлері бас қолбасшысы, генерал-майор Талғат Қойбақовтың "Барыстың" кемшіліктерін жасыруға тапсырма бергенін айтып жатыр. Біздің әріптестер көтерген тақырып еді негізі.

Жалпы соңғы екі-үш жылда "Қазақстан Инжиниринг" холдингі мен Қорғаныс министрлігінің арасы жақсы еместей көрінеді маған. ҚМ мен келіспей жатқан тек Парамаунт емес, тағы бір-екі зауыт бар. Әркімдікі өзіне жөн.

Айтпақшы түріктер Anka-S дронын Қазақстан алатын болғанын, тіпті, генерал М Таласовпен кездесу жасалғанын жазған. Біз Қорғаныс министрлігіне сұрап едік, Индустрия және инфрақұрлымдық даму министрлігіне сілтеп жіберді. "Солар біледі",-дейді. Енді Бейбіт Атамқұловтың мазасын алатын шаруа шықты.

Амангелді Құрметұлы

Abai.kz

Сарапшы Тұран одағы қашан құрылатынын айтты

Ыстамбулда Түркі кеңесі мемлекет басшыларының сегізінші саммиті өтеді, деп хабарлайды kznews.kz сайты.

Министрлер деңгейіндегі жиындар, ертең Президенттердің қатысуымен басқосу болады.

Саммитке тәуелсіз 6 түркі мемлекетінің президенттері И. Әлиев. Г. Бердімұхамедов, Қ. Тоқаев. С. Жапаров, Ш. Мирзиёев, Р. Ердоған және Мажарстан Премьер-министрі Виктор Орбан қатысады.

Осы саммитте бірқатар маңызды құжаттарға қол қойылады деген жоспар бар.

Сарапшы пікірі:

— Алдымен Түркі кеңесі «Түркі ұйымы» деп аталуы мүмкін екен. Бұл дегеніңіз түркі интеграциясының жаңа кезеңі деген сөз.

Әдетте «кеңес» атауының консультативтік сипаты жиі еске түседі. Ал «ұйым» қалыптасқан жүйесі бар құрылым деген мағынаға жақын. Алғашқысы меморандум, екіншісі келісім шарт тәрізді.

Бұл жерде ең маңыздысы — Түркі интеграциясының жаңа деңгейге шығуы. Меніңше, «кеңес» «ұйымға» айналса, одан әрі «одақты» көріп қалуымыз мүмкін. Он бір жылда интеграцияның шешуші органын кеңестен ұйымға айналдырсақ, тағы он-онбес жылда одақ құрып қалармыз. Тек байыппен қимылдамақ керек.

Екіншіден осы жолы Түркіменстан кеңеске бақылаушы мүше болып қосылуы мүмкін. Бұл өте маңызды қадам. Саяқ жүретін Ашхабадтың туыстарына жақындасуы отын-энергетика, көлік-логистика, коммуникациядан бастап талай салаларда түрлі жобаларды бірлесе атқаруға мүмкіндік береді.

Үшіншіден осы саммитте Түркі инвестициялық қорын құру мәселесі түбегейлі шешіліп, қор алдағы жылдан бастап жұмысқа кірісуі мүмкін. Бұл кейін Түркі кеңесі даму банкіне айналуы да ғажап емес.

Төртіншіден, Түркі әлемінің 2040 жылға дейінгі vision-ы жобасын президенттер мақұлдауы мүмкін. Бұл жоба 2040 жылға дейінгі Түркі әлемі даму стратегиясын қалыптастыруға негіз болуы  ықтимал.

Қысқасы байыппен алға жылжып келе жатқан түркі интеграциясы жаңа белеске көтерілер деп сенемін.

Дрондар дәуірі: Мәскеудің уайымы

Түркияның соққы жасаушы және барлаушы дрондары Ресей қорғаныс саласында үлкен сұрақтарды туындатты. Әуелі Сирия мен Ливияда қолданылған дрондар, артынша Қарабақ соғысында қуатты күшке айналып, енді, міне, Украинаның шығысында қолдыналып жатыр. 26-қазан күні Украина алғаш рет түркиялық соққы жасаушы ТБ2 дронымен үлікшілердің позициясына соққы жасап, техникасы мен жаяу әскеріне шығын әкелді. Бұл Украинадағы соғыстың келбетін өзгертіп, бетбұрыс жасайтын сәт болуы мүмкін дейді сарапшылар. 

Ресей президенті Владимир Путин жақында Сочиде өткен жиында дрондардың қуаттылығын мойындап, былай деді: "Біз өзіміздің тәжірибеміз бен бізді қоршаған әлемнің дрондарды қолдану тәжірибесін сараптауға тиіспіз". Жиын соққы жасаушы, барлаушы, антидрон құрылғыларына қатысты тақырыпта өткен болатын. Тұтастай бір жиынның бір тақырыпта өтуі де тегін емес.

Ол жиынды соққы жасаушы дрондардың әлемдік қақтығыста кеңінен қолданылып жатқанын мысал етумен бастады. "Біз дрондардың соңғы жылдардағы әскери қақтығыстарда эффективті қолдынылғанын, олардың бізге қаншалықты қауіпті болатынын көрдік, оны Сирияда байқадық. Біз ондай шабуылдарды тойтарып үйрендік және оны тиімді етіп жасаудамыз",- деді Путин.

Ол Ресейдің өзінде де қуатты дрондардың барын айта кетті. Оны мысал түрнде көрсетпесе де, статистикамен сипаттады. "Қазір біздің қарулы күштерімізде екі мыңнан астам дрон бар. Оларды жетілдіру мен технологиялық мүмкіндіктерін арттыру бойынша жұмысты жалғастыруға тиіспіз. Біз өзіміздің де, өзгенің де тәжірибесін ескереміз" деді. Ресейдің барлаушы "Орлан" дрондары Сирия мен Ливиядағы әскери операцияларда қолданылуда. Оны да Путин айта кетті.

Ресей ашық айтпаса да түркиялық дрондардан қорғану қажеттігін түсінеді. Себебі Ресей үшін маңызды геосаяси аймақ саналатын Сирия, Ливия, Оңтүстік Кавказ тауларында түркиялық дрондар ресейшіл күштерге ойсырата бірнеше мәрте соққы жасады.

Bayraktar TB2 дрондары Әзербайжан тарапынан азат ету соғысында қолданылып, жаудың 40%-дан астам техникасын жойған болатын. Ал Сириядағы "Бейбітшілік бастауы" атты операцияда соққы жасау мен барлау мүмкіндіктерін арттырып, Анкараның тынысын ашты.

Аталмыш дрон 2019 жылы Украинаға жеткізілді, ал келісім 2018 жылы жасалды. Киев-Анкара арасында арнайы келісім жасалынды, ендігі таңда Киев тағы да 48 соққы жасаушы дрондарын сатып алуға ниетті.

G20 кездесуінен кейін Түркияның сыртқы істер министрі Мәуліт Чавушоғлы ресейлік және түркиялық ақпарат құралдары үшін арнайы сұхбат берді.  Ресейлік тілші Украина тарапынан бүлікшілерге дронмен соққы жасау фактісі бойынша сұрады. Оған түрік министрі былай деді: "Егер қандай да бір ел бізден қару сатып алса және оны өз еліне апарса, онда оны түркиялық, ресейлік немесе басқа елдікі деуге болмайды. Ол сол сатып алған елге тиесілі қару. Егер бізден біреу қару сатып алып, шекарадан алып шыққан соң, ол енді біздікі емес деген сөз. Ол Түркияда жасалған шығар, бірақ енді Украинаға тиесілі. Түркияны айыптау негізсіз" деді ол. Бұл мәлімдеме арқылы өзге елдерге, қажет болса Киевке де қарулар сата береміз дегенін сызып көрсеткендей.

Ол ресейлік тілшіге қарсы фактілер айтып, тығырыққа тіреді. Министр: "Біз терроризммен күрес барысында содырлардың қолынан түрлі қаруларды кездестіреміз.  Көбісі ресейлік. Бірақ Ресейді ол үшін айыптамаймыз" деді.

Түркиялық дрондар соңғы жылдары нағыз аңызға айналды. Әсіресе Қарабақ соғысынан кейін сатып алушылар мен қызығушылар саны артты. Келіссөз жүргізіп жатқандар ішінде Қазақстан да бар. Ал Орталық Азияда Түркіменстан сатып алса, Қырғызстан келісімге келіп үлгерді.

Ка Мырза

Abai.kz

0 пікір
Мұрағат