Түркия жылына 36 млрд доллар шығын әкелетін шектен тыс ысырапшылдықпен қалай күресерін білмей отыр
Түркия жылына 36 млрд доллар шығын әкелетін шектен тыс ысырапшылдықпен қалай күресерін білмей отыр
5 жыл бұрын 2887 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

TESK түрік қоғамының етекшісі Бендеуи Паландекен тағам өнімдерінің шектен тыс ысырапшылдығымен күресетін кез келгенін мәлімдеді. "Жүргізілген зерттеу нәтижесі көрсеткендей, бізде  орташа есеппен алғанда жылына жалпы құны 36 млрд доллар тұратын азық-түлік тасталады екен",- деді ол жаға ұстатарлық деректі алға тартып. Түріктердің Anadolu Ajansı жаңалықтар қызметі таратқан хабарға қарағанда,TESK жетекшісі мәлімдегендей: "жыл сайын біздің елде 1,7 млрд тонна нан мен 18 млн тонна жеміс-жидек қоқысқа тасталады. Қоқысқа тасталған тағаммен бірге біздің нанымыз, біздің ақшамыз, біздің күш-қуатымыз, ұлттық байлығымыз қоқысқа кетеді". Осылай дей келе ол осынау шектын тыс шығынға әкелетін ысырапшылдықты болдырмасақ, бұл қаражатқа қанша пайдалы іс тындыруға болатынын, мәселен, мектеп салу, емхана тұрғызу, жол төсеу, т.б. жеткізді. 

Сөз орайы келгенде айта кету керек, бүгінгі таңда адамзат қарасының көбеюіне әрі жер ресурстарының кемуіне, сондай-ақ, жаһандық жылыну мен климат өзгерістеріне байланысты азық-түлік қауіпсіздігі өткір де өзекті мәселеге айналған. естеріңізде болса, жапондар ысырапшылдығы, испан ысырапшылдығы, т.б. жазған едік кезінде. Бәрінде осы мәселе... Бұл мәселеден ысырапшылдыққа тыйым салынған мұсылман елдері де қашып құтыла алмай отыр. 

Естеріңізде болса, осыдан екі жыл бұрын сайтымызда жариялаған мына жазбамызда азық-түлік ысырапшылдығына кеңінен тоқталған едік: "Әлемде тағамның үштен бірі қоқысқа тасталады немесе ысырапшылдықтың себептері мен салдары" (сілтемесі: http://islam.kz/kk/news/arturli/alemde-tagamnyn-ushten-biri-qoqysqa-tastalady-nemese-ysyrapshyldyqtyn-sebepteri-men-saldary-9296#gsc.tab=0). Ерінбей, бір шолып шықсаңыз, азық-түлік ысырапшылдығының қаншалықты қауіпті сипат алғанына көз жеткізесіз. 

Заманына қарай амалы дейміз бе, әлде басқашалай атаймыз ба, ол өз еркіңізде, десе де ысырапшылдық Жаратқан ұнатпайтын істердің бірінен саналады. Қай уақытта болмасын, қандай жағдайда болмасын. Бұған келсітен шығарсыз. Бұрындары ысырапшылдық стихиялы түрде әрі дарақылықтан орын алса, бүгінгі таңда бұл жағымсыз әдет жүйелі сипат алған және оның өзіндік себептері мен салдары бар. Нақтырақ айтқанда, сатып алынған азық-түліктің 40 пайызы желінбейді, қоқысқа тасталады екен. Бұл жайында табиғи ресурстарды қорғау жөніндегі халықаралық кеңестің соңғы зерттеу нәтижесінде белгілі болып отыр. Біріккен Ұлттар Ұйымы мамандарының есебінше, жылына адамзат тек тағамның өзіне 750 млрд доллар жұмсайды. Біз өндірілген тағамның үштен бірін жемей қоқысқа тастаймыз, яғни, нақты санға шаққанда - 1,6 млрд тонна азықты ысырап қыламыз. Ал әлемде бір миллиардқа тарта адам аштықтың азабын шегуде. Табиғи ресурстарды қорғау жөніндегі кеңестің мүшесі Дана Гандерс бұл мәселенің қордалы проблемаға айналғанын жеткізді. Оның айтуынша, адамзат азықты өндірген сәттен бастап ысырап ете бастайды. Қалай десіз ғой? Алдымен жиын-терін кезінде, өндіріс орындары мен сауда орындарына тасымалдауда, тұтынушылар тарапынан. Оның үстіне, тұтынушылар неғұрлым азықты қоқысқа тастаса, бұл өндірушілерге экономикалық тұрғыдан соғұрлым тиімді, соғұрлым тауарын өткізіп, байыған үстіне байи түспек. Астықтың шамамен 7 пайызы егістік алқабында қалады екен. Себебі де қарабайыр: азықтың нарықтық бағасының төмен болуына байланысты астықты жинап алып, тасымалдау шығыны өз-өзін ақтамайды да. Пайда әкелмек тұрмақ. Мұндай да кереғарлық болады. Ары қарай кеттік (сорақысы алды): жиналған астықтың 20 пайызына дейін фермер тағы тастауына тура келеді, өйткені, жемістер мен көкөністер сауда желілерінің қойған талаптарына сай келмейді, яғни, сауда орындары тауарлық түрі жоғалмасы үшін өнімнің түсі солғын, салмағы кем, дақ түссе, қабылдамай тастайды. Сондай-ақ, дамыған елдерде дүкен сөрелерінен тұрып қалып, бүліне бастағандықтан азық-түліктің 30 пайыздайы қоқысқа тасталады. Супермаркеттерде негізінен ет, теңіз өнімдері, дайын тағамдар, жеміс-жидек пен көкөніс, пісірілген нан өнімдері қоқысқа тасталады. Неге бұлай? Өйткені, супермаркеттерде бәрі жарқырап тұруы тиіс, артығымен. Көзге тоқ көрінсе, тұтынушылар да ондай жерге үйір болады. Лас маркетинг. Мәселен, АҚШ-та дүкен сөрелерінде тұтынушылардың қажетінен екі есе көп азық тұрады. Лас маркетинтің кесірінен. Шірігені лақтырылады. Тағы бір себебі – жарамдылық мерзіміне байланысты қитұрқылықты жатқызуға болады. Америка мен еуропада тауар орамында екі уақытша шек белгіленген: «...дейін жарамды» және «дейінгі дейін пайдалану керек». Әдетте азық қоқысқа соңғы жарамдылық мерзімінің соңғы күніне екі-үш күн қалғанда тасталады, ал ол аптаға дейін жарамды болуы мүмкін. Ұлыбриатнияда осындай маркетингтің кесірінен азықтың шамамен 20 пайызы қоқысқа тасталады.
«Осы заманғы америкалықтар олардың өткен ғасырдың 70-ші жылдардағы әке-шешелеріне қарағанда азықты екі есе қоқысқа тастайды екен, өйткені, қазіргі тағамдардың құнарлылығы мен мөлшері соңғы 30 жыл ішінде көп артқан».
Мәселен, 1982 жылы бүгінгілердің сүйікті асына айналған пиццаның бір тілімінің құнарлылығы қазіргі уақытта 70 пайызға артып кеткен. Тіпті, тарелканың көлемі де ұлғайып кеткен: 1960-шы жылдарден бері 36 пайызға ұлғайған екен. Ол бәрібір толтырылуы тиіс. Бұл да азықтың жөнсіз ысырап болуына апарып соқтыратын, елеусіздеу көрінетін фактор болып отыр.
Тағы бір айта кететіні, шіріген азық парникті газ бөледі. Яғни, астан бөлінген парникті газ бүгінгі таңда антропогендік климаттық өзгеріске ұшыратып отыр. Біріккен Ұлттар Ұйымы мамандарының есебінше, әлем бойынша қоқысқа тасталған астан бөлінетін көміртекті қалдық жылына 3,3 млрд тоннаны құрап отырған көрінеді. Салыстырып көрейік: әлемдік қалдықтар – 50 млрд тонна.
Тағы бір ескеретін нәрсе: сауда орталықтарының өтпеген, бірақ, жарамдылық мерзімі әлі аяқталмаған азықты неге қоқысқа тастайды? Өйткені, қайырымдылыққа берсе, салық та жоғары болмақ. Яғни, артық табыс тапқан деген желеумен қайырымдылыққа азық бөлген сауда орындары салықты көп төлеуіне тура келеді. Сол себепті, мұқтаж адамдарға бергенше, қоқысқа тастаған оларға әлдеқайды тиімді.
Ал дамушы елдерге келсек, олардың бәріне бір кемшілік тән болып отыр: ауыл шаруашылық технологиясының артта қалуынан, көлік тасымалдау жүйесінің жолға қойылмағандығынан, азықты сақтайтын инфрақұрылымның нашарлығынан азық-түліктің 40 пайызы тұтынушыға жетпей қалады. Мәселен, Филиппинде ылғал өткізбейтін қаптардың арқасында күріштің бүлінуі 15 пайызға азайған. Ал Африканың кей елдерінде жеміс-жидек пен көкөністі күн мен желге қақтап, кептіріп, жарамдылық мерзімін ұзартуға қол жеткізген. Мұның бәрі технология.
Тағы бір проблема мынада: біз азық алу үшін көп ресурс жұмсаймыз. Ол өз-өзін ақтап жатпайды. Нақтырақ айтқанда, ауыл шаруашылық мақсатта пайдаланатын жердің 28 пайызы әлем бойынша босқа пайдаланылады екен. Тропикалық елдерде ауыл шаруашылық аумақтың көп бөлігі бұрын орман-тоғайдың, биологиялық әр алуандылықтые мекені болған. Қазіргі уақытта Бразилиядағы Серрадо және Парагвайдағы Чако флорасы мен фаунасына «шабуыл» басталған. Күн сайын экологиялық жүйесі өзгеше екі мың гектар жер соя егу үшін әрі ірі қараға жайылым үшін жойылуда. Бұған қоса, азық шығыны су ресурсының кемуіне әкеліп соқтыруда. Қоқысқа тасталатын азық-түлік өндіру үшін пайдаланылатын судың жалпы мөлшері 250 куб шақырымға жеткен. Біз сонда қоқысқа тастайтын азық үшін ресурсты құртып жатырмыз деген сөз бұл. Австралияның азық-түлік шығынымен күрес жөніндегі ұлттық кеңестің мүшесі Ронни Канның айтуынша, шамамен 1,4 млрд гектар жер артынан қоқысқа тасталатын азық өндіру үшін пайдаланылады екен. 2050 жылға қарай мұндай тың игеруді екі есе арттыруға тура келеді адамзат сананың өсуіне байланысты. 
0 пікір
Мұрағат