Сутегі өндірісі үшін гидро-электр стансасы салынады
Сутегі өндірісі үшін гидро-электр стансасы салынады
4 жыл бұрын 6411 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Немістердің Thysenkrupp компаниясы жыл сайын шамамен 11 100 метрикалық тонна сутегін өндіре алатын Канаданың Квебек қаласындағы гидро-электр зауытына қатысты контрактіні ұтып алды. Бұл жайында islam.kz порталы newatlas.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осы орайда айта кететін нәрсе – Канададағы электр энергиясының жартысынан көбісін гидро-электр стансалары өндіреді. Дәлірегі, аталған елдегі электр өндірісінің жалпы мөлшеріне шаққанда шамамен 61%-ын гидро-электр стансалары өндіріп отыр. Яғни, АҚШ, Бразилия әне Қытайдан кейінгі орынға табан тіреген бұл тарапта. Ендігі жерде аталған ел сутегі өндірісіне де ден қоймақшы. Артылып жатқанын шетелге экспорттайды. Десе де экологиялық жағынан таза отын түрін өндіру үшін инфрақұрылымның жетіспеушілігі секілді проблемамен бетпе-бет келіп отырған жайы бар. Елдегі аса ірі электр энергиясын өндіретін Канаданың Hydro-Quebec  мемлекеттік энергетикалық компаниясы немістердің Thysenkrupp компаниясымен аталған станса құрылысы бойынша келісім-шартқа отырды. Яғни, гидро-электр стансасы өндірген энергияны сутегін алу үшін пайдаланады. Қуаты 88 МВт-қа жететін станса өзі өндірген электр энергиясы мен оттегінінің бір бөлігін таяу маңдағы қоқыс пен қалдықты өңдеу зауытына бөледі – осылайша бұл электр энергиясы мен оттегі қалдықтар мен қоқысты биоотынға айналдыруда пайдаланылады. Hydro-Quebec стансасы 2023 жылы іске қосылуы тиіс. Жоспар бойынша. Егер аталмыш жоба сәтті шықса, бұл зауытты гидроэнергетикалық әлеуетке айналдырып, шетелге сутегін экспорттайтын болады.

0 пікір
Мұрағат