Соңғы бірер жылдағы қару-жарақ нарығындағы өзгерістер
Соңғы бірер жылдағы қару-жарақ нарығындағы өзгерістер
3 жыл бұрын 1294 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Cтокгольмдегі әлем проблемаларын зерттеумен айналыстын халықаралық институт (Sipri) соңғы 4 жылдағы, дәлірегі 2017-2021 жылдар аралығындағы әлемдегі қару-жарақ нарығына шолу жасапты. Бұл жайында islam.kz порталы түрлі дерек көздеріне, соның ішінде әллемдік бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. 2017-2021 жылдар аралығындағы қару-жарақ нарығында еуропалық державалардың, атап айтқанда, Ұлыбритания, Нидерланды және Норвегия қару-жарақ импортын едәуір арттырған. Ал кәрі құрлықта қару-жарақ экспорты бойынша Франция мен Германия көш бастаған. Мәселен, әлемдік қару-жарақ нарығындағы үлесі 11%-ға жететін Франция отандық Rafale жойғыш ұшағын сатып алатын елдер қарасының көбеюіне байланысты бұл құрлықта ғана емес, күллі  әлем бойынша жетекш орынға шыққан. Дәлірегі, Франция 2012-2016 жылдары әлемдік қару-жарақ нарығында төртінші орыннан көрінген еді (6%) – Қытайдан (4,6%) кейінгі позицияда тұрса, 2017-2021 жылдар аралығында Қытайды артқа тастаған. Яғни, Франция әлемдегі қару-жарақ нарығында АҚШ-тан (39%), Ресейден (19%) кейінгі орынға табан тіреген. Францияның қару-жарағының Катар, Мысыр, Үндістанағы импортыны деңгейі  56%-ға көтерілген. Бұдан бөлек, Францияның жойғыш ұшақтарын Индонезия сатып алған. Әлемде қару-жарақ экспорттайтын 64 елдің алғашқы бестігіндегі (АҚШ, Ресей, Франция, Германия және Қытай) тұр. АҚШ әлем бойынша қару-жарақ нарығында кқш бастаса, қару-жарақ импорты бойынша Саудияның алдына түскен ел жоқ. Мәселен, АҚШ қару-жарақ экспортының жартысына жуығы Таяу шығыс аймағына тиесілі - 47%; Ал аталған аймақта АҚШ қару-жарағын импорттаудан Саудия көш бастап тұр – 24-25%. Қару-жарақтың көбісі аталған мерзімде негізінен Таяу шығысқа экспортталады, соңғы 5 жыл бедерінде аталған аймаққа экспортталатын қару-жарақ үлесі 25 пайызға артып кеткен. Бұған Таяу шығыстың әлемдік державалар мүддесі тоғысатын аймақ керісінше Түркия 2011-2020 жылдар аралығында қару-жарақ импортын 56 пайызға кеміткен, есесіне ұлттық қауіпсіздігін арттыру мақсатында қорғаныс қабілетін нығайтып, отандық әскери техникаларды өзі құрастыруға ден қойып отыр. 

Ұқсас материалдар:

Әлемдік қару-жарақ нарығы туралы аз-кем дерек (SIPRI мәліметі негізінде) (https://islam.kz/kk/news/alem/alemdik-qaru-jaraq-narygy-turaly-az-kem-derek-sipri-malimeti-negizinde-16141/#gsc.tab=0);

«Соңғы 5 жылда әлемдік қару-жарақ саудасы 8%-ға өскен...» (https://islam.kz/kk/news/alem/songy-5-jylda-alemdik-qaru-jaraq-saudasy-8-ga-osken-11600/#gsc.tab=0);

«Ресейдің сына қағар қаруы» (https://islam.kz/kk/news/alem/reseidin-syna-qagar-qaruy-11965/#gsc.tab=0);

«Атом бомбасынан да қауіпті қару» (https://islam.kz/kk/news/arturli/atom-bombasynan-da-qauipti-qaru-13339/#gsc.tab=0);

0 пікір
Мұрағат