Сионистер "лоббиі" немесе Ресей-Иран факторы
Сионистер "лоббиі" немесе Ресей-Иран факторы
6 жыл бұрын 3214 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Естеріңізде болса, осыдан шамасы бір ай бұрын "Ресей Ираннан теріс айналып, Израилге бет бұрды" деп хабарлаған едік. Онда Ресейдің Сирия жеріндегі ахуалды тұрақтандыру үшін қандай қадамдарға баруы мүмкін екендігі турасында айтқан болатынбыз. Айтар сөзімізге кіріспес бұрын содан үзінді келтіре кеткенді жөн көріп отырмыз:

Publico ақпарат көзінде Назанин Арманьян есімді шолушының мақаласы жарық көріпті. Автордың сөзіне сенсек, Ресей Таяу Шығыстағы бағытын өзгертіп, аталған аймақтағы жақын одақтасы (ядролық бағдарламасына байланысты санкция астында қалған мұңдасы десе, дұрысырақ болар) Ираннан теріс айналып, АҚШ-тың жақын одақтасы Израилге бет бұрған. Яғни, Ресей мен Иран арасындағы стратегиялық ынтымақтастық мән-маңызын жоғалта бастаған. Аталған екі елдің "мызғымас" одағының ғұмыры қысқа болатын түрі бар. РФ билігі Таяу Шығыстағы ірі ойыншылардың бірі. Иран да сондай. Алайда, Ресей Ираннан, ливандық "Хезболладан", т.б. Сирия аумағынан кетуді әрі бейбіт келіссөзге бөгет жасамауды талап етуде. Алайда, Иранның және тағы басқа әскери ұйымдардың өз мүддесі болғандықтан Шам жерінен кетпейді. Ресей айтты екен деп. Бұдан бөлек, Иран Сирия аумағында болуға (АҚШ секілді заңсыз келген емес) Сирияның қазіргі заңды деп саналатын Башар Асад бастаған биліктің өзі рұқсат берген ел. Бұған қоса, Ресей билігі Сирия аумағындағы Иранның обьектілеріне әуеден 150 рет соққы берген Израилдің қадамын айыптап, ауыз ашқан да жоқ. Аталған мақала авторы осыларды сараптай келіп, мынадай қорытынды жасаған екен: 
- Башар Асад билігін сақтап қалу (Башар Асад Ресейдің Таяу Шығыста қол жеткізген жетістігі мен жеңісінің сақталуы мен орнығуына кепілдік беретін тұлға ретңнде) мен израилдіктердің Сирияға соққы беруін тоқтату Иранның Шам жерінен кетуіне байланысты болмақ; 
- Парсы шығанағы елдері Шам жерінен ирандықтар кеткеннен кейін Сириямен арадағы дипломатиялық қатынасын жақсартып, соғыстан тас-талқаны шыққан елді қалпына келтіруге атсалысады; 
- Ресей Шам жеріндегі мақсатына қол жеткізді (бұл турасында кезінде айтқанбыз - ред.), осыған байланысты Израил билігі Ресейдің аталған аймақтағы мүддесіне құрметпен қарайтын болады. Тек бір шартпен: ирандықтар Шам жерінен кетсе...
Мақала авторы осылай дей келе ойын былай өрбіткен: "Ресейге Таяу Шығыстың тұрақтылығы керек, ал қазіргі Изриал режимі ең тұрақты саналады. Сол себепті, Ресей билігі Израилге сенім артып отыр". 

Таяу Шығыс елдері, атап айтқанда, Израил, Саудия және Біріккен Араб Әмірліктерінің билігі Ақ үй қожайынын Ресеймен мынадай мәмілеге келуге - "Укриананы Сирияға айырбастауға" шақырып отыр. Бұл жайында The New Yorker ақпарат көзі хабар таратты. Аталған елдердің билігі Дональд Трамп президенттікке кандидат кезінің өзінде осындай ұсыныс білдірген деген сыбыс та жоқ емес. Яғни, Укранинаны аннекциялап алғанына байланысты Ресейге салынған санкцияны алып тастауға шақырған: оның орнына Сириядан ирандықтарды Ресейдің көмегімен шығару үшін. Бұл арада мынаны айта кетпеске болмайды: Израил халықаралық саясаттағы солақай бастамаларымен аты шыққан ел ретінде танылған. Мысалы, кезінде  ядролық бағдарламасына байланысты Иранға Солтүстік Корея технологиясын сатуда деген ақпарат тарағанда Израил билігі Солтүстік Кореяны бұл райынан қайтаруға тырысқан еді. Алайда, Солтүстік Корея технологиясын Иранға сатудан түскен қаржының орнын толтыруды сұрағанда (бұл арада бірнеше млн доллар турасында болып отыр сөз) талап еткен болатын. Израил Солтүстік Кореяның бұл талабын орындаудан бас тартқан еді. Сионистерден бұрын Ресейдің Сириядағы ирандықтардың шығуына тигізер көмегіне ең алдымен Біріккен Араб Әмірліктерінің мүдделілік танытуы сарапшылардың басын қатырып отыр. Нақтырақ айтқанда, Әбу-Дабидің тақ мұрагері Мұхаммед бен Заидтің бұл мәселеде құлшыныс танытуы нені аңғартады? Сөз жоқ, тарихты тұлғалар жасайды, айналып келгенде, бәрі саясатке келіп тіреледі емес пе: Мұхаммед бен Заид Таяу Шығыс аймағындағы стратегиялық тұрғыдан ойлайтын ең күрделі тұлға. Барак Обама тұсында-ақ ол Біріккен Араб Әмірліктері мен Ресейдің жақындасуына барынша күш салған болатын. Осылайша Иранмен арадағы одағына сына қағып, сызат түсірмек болған. Осы мақсатта СаудияныңРесейге Парсы шығанағы елдерінен миллиардтаған доллар инвестиция құйып отырғанын да айта кетпеске болмайды. Қайткен күнде де Иранды оқшаулау, лажы келсе, жер бетінен жою үшін барлық айла-шарғыны қарастырады. Дональд Трамп АҚШ президенті болып сайланған соң Саудияның және Біріккен Араб Әмірліктерінің сыртқы істер министрлері Адел әл-Жүбейр мен Абдулла бен Заид бейресми кездесіп, Шам жерінен ирандықтарды кетіру үшін Ресейден Украинаға байланысты салынған санкцияны алып тастау турасындағы тақырыпты қайта көтерген болатын. Мұның бәрін неге жіпке тізіп айтып отырмыз. Көп ұзамай Ресей президенті Владимир Путин мен Ақ үй қожайыны Дональд Трамптың кездеседі. Бұл кездесуді де израилдік лоббистер ұйымдастырып отырғаны айтылған кейбір ақпарат көзіндерінде. Әлбетте, сирия жеріндегі ирандықтардың тағдыры талқыға салынуы мүмкін. 

 

0 пікір
Мұрағат